Облыс мақтаныштары бүгінгі күні еліміздің мақтанышы атанып отыр. Ел игілігі үшін еңбек етер, саналы да салиқалы ұрпақтың өсіп-өркендеп келе жатқандығына тағы бір дәлел!
2018 жылдың 27 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Оңтүстік Корея Республикасы Дэджон қаласында өткізілген «Жас ғалым» Халықаралық жоба конкурсына облысымыздан 4 оқушы аттанып, нәтижесінде барлығы да білімнің асқар шыңынан, ғылымның төрінен орын алды. Халықаралық деңгейде оқушыларымыз өз білімдерін дәлелдеп І, ІІ, ІІІ орындарға қол жеткізді: Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы – І орын, Демиденко Евгений Александрович – І орын, Бекетов Мағжан Нағиұлы – ІІ орын, Валишаева Диана Исмуакметқызы – ІІІ орын.
Жетекшілері: Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне және жетекшілік жасап, жауапкершілік алған Қарлығаш Дауылбайқызына зор алғысымызды білдіреміз!