2018 жылғы 4-5 қараша күндері Алматы қаласында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты:
Балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.
Республикалық көрмеге 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Артық Тұрсынбек – Қармақшы ауданы, №277 орта мектеп, 9 сынып;
Қорғанбекқызы Жанель – Жалағаш ауданы, №246 орта мектеп, 9 сынып;
Калмаханова Аида -Қармақшы ауданы, №277 орта мектеп, 10 сынып;
ІІІ дәрежелі диплом иегері:
Тәжібай Ақжүніс – Сырдария ауданы, №139 орта мектеп, 8 сынып.
Барлық қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына алғысымызды білдіреміз!