Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсы

2018 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Механика және математика» факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсына Қызылорда облысынан Бекмуханбет Нурила Сәбитқызы (Үш тілде оқытатын сыныптары бар мамандандырылған «Мұрагер» мектебі), Ахаев Әлішер Нұргелдіұлы (№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты), Абат Тәуірбек Ғалымжанұлы (Жалағаш ауданы, №246 орта мектеп) қатысып, қатысушы сертификатына ие болды.
Жетекші: Абылаева Мақпал

Қатысушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, сондай-ақ білім бөлімдеріне ризашылығымызды білдіреміз! Биіктерді бағындырар өренді ұл-қыздарымыз мол болғай!