Елдесбай Диана
Жанқожа батыр ауылы
6-сынып оқушысы
№94 мектеп
Ұстаз – бұл жаны жұмсақ, әлем ақылшысы. Мен үшін ұстаз – ең ардақты жан. Ұстаздардың басқалардан ерекшелігі – біздің ата-анамыздың 4-5 баласы болса, ұстаздарымыздың балалары – бүкіл әлем. Себебі әлемдегі барлық жан ұстаздан тәлім-тәрбие алып шыққан. Бар әлемнің кемінде 2 анасы бар. Бірі – өз анасы, екіншісі – білімге, өнерге, өмірге бейімдеген ардақты ұстазы. Менің де 2 анам бар. Бірі – өз анам, ал екіншісі – алғашқы ұстазым Баршагүл апай. Баршагүл апай – маған алғаш әліпбиді үйреткен асыл жан. Және де Баршагүл апай маған санауды үйретіп, мейірімді, қамқор болуға тәрбиеледі. Сайыстарда белсенді болып, бірақ, қарсыласыңа қатты болмау керек екенін ұғындырып жүретін. «Өзіңнен кішілерге қамқор болып, үлкендерге құрмет көрсету керек» дейтін апайым. Қатеміз болса кешірген апайым кішкене қателессем, қатемнің дұрыс еместігін түсіндіреді. Мен қателескенде өзім қатемнің дұрыс еместігін білуге, қайсысы дұрыс қайсысы дұрыс еместігін өзіміз ойлануға мүмкіндік береді. Баршагүл апай бізді сабақтан тыс іс-шаралаларға қатысуға бейімдеп өсірді. Мен сол апайымның осы ерекшелігінің арқасында көптеген сайыстарға қатысып, түрлі үйірмелерге барып жүрмін. Бәріне үлгеріп, сонымен қатар үздік болуыма Баршагүл апай себепші. Мен түрлі сайыстарға қатыстым. Оның ішінде жеңгенім де, жеңілгенім де жағдай болды. Осындай жағдайда кейде қамыққан кездерім де аз болмады. Бала болғандықтан көңіліме алатынмын. Бірақ, Баршагүл апай қамыққанымда демеу болып жүретін. Мені төзімділікке үйретіп, «өмірің алда! Әлі талай жеңістерге жетесің!» деп қолдап отыратын. Осы кезде қай жерден қателескенімді бақылап, келесі жолы осы қатені қайталамауға үйрететін. Мені еріншек болмай, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін. «Жеңістің бәрі еңбекпен келеді» дейтін апайым. Апайым мені осылай тәрбиелемегенде саналы адам болмас едім. Сол үшін сізге мың алғыс!
Ұстазыма мың алғыс!
Алғыстарым көп менің,
Үйреткені даналық,
Бар ұстазға тілеймін бақыт, табыс, амандық!