2018 жылғы 15 наурыз күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткізілді.
Оқулардың мақсаттары мен міндеттері:
– жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;
– жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
– оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;
– жас ақындарға әлеуметтік- рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оның тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық талабы болуы шарт.
Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысушы жыр Құлагері атанған Ілиястың шығармаларын жақсы білуі керек және кез-келген өлеңін, прозалық, драматургиялық шығармаларын талдай білуі қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылығын да көрсетеді.
Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізу төрт номинациядан тұрады.
1-номинация: Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысушы Ілияс Жансүгіровтың прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасап комиссия мүшелеріне алдын-ала тапсыруы керек. Бұл жерде талапкердің әдебиетті сүюімен қатар, әдеби шығармаларға деген ғылыми көзқарасы, өзіндік пікірі, ой-талғамы қандай екендігі бағаланады. Шығарма немесе талдау жұмысының компьютерде тергендегі көлемі үш беттен аспауы керек.
2-номинация: Талапкер Ілияс Жансүгіровтың бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды.
3-номинация: Талапкер өз шығармашылығымен таныстырады, жатқа, мәнерлеп оқиды. Өзі жазған өлеңдерді топтап, мәтіндерін алдын-ала комиссияға жазбаша түрде тапсыруы керек.
4-номинация: Талапкер Ілияс Жансүгіровтың прозалық шығармасын немесе драматургиясынан үзінді жатқа оқиды.
Ілияс оқуларының облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 12 наурызға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.
Облыстық кезең нәтижесі бойынша білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына 6 оқушы ие болды.
І дәрежелі диплом иегері:
– Жамбыл Ақбота – Жалағаш ауданы, №38 мектеп, 9 сынып
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Жансанова Ақерке – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 6 сынып
– Шайық Жанель – №10 БИЛ, 9 сынып
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Маскулбаева Аружан – Арал ауданы, №262 мектеп, 10 сынып
– Абдибек Бағдаулет – Қызылорда қаласы, №172 мектеп, 9 сынып
– Майлыбаев Қуат – №9 БИЛ, 8 сынып
2018 жылғы 25-27 сәуір аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ілияс Жансүгіров ауылында өткен Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытынды кезеңіне облысымыздың атынан 3 оқушы қатысып, Жалағаш ауданы, №38 мектептің 9 сынып оқушысы Жамбыл Ақбота жүлделі ІІ орынды иеленсе, №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Шайық Жанель және Қармақшы ауданы, №80 мектептің 6 сынып оқушысы Жансанова Ақерке алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.