«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы

2018 жылғы 5 желтоқсан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. 
«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелерден ( 8-11 сынып) 80-ге жуық оқушы қатысты.
Төмендегі номинациялар бойынша бишілеріміз өз өнерлерін көрсетті.
1.«Халық биі және халық стиліндегі би»
2. «Қазіргі заман биі»
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды және республикалық кезеңге (қорытынды) жолдама алды.
І дәрежелі диплом
Арал ауданы- «Ақтолқын» би ансамблі
ІІ дәрежелі диплом
Сырдария ауданы – «Ерке наз» би тобы
ІІІ дәрежелі диплом
Жаңақорған ауданы – «Мереке-Думан» би тобы
Шиелі ауданы – «Арайлы», «Аяла» би топтары
Қызылорда қаласы – «Яксарт» би тобы
Қазалы, Қармақшы, №4 ОДМИ бишілер тобы – «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді.