2019 жылғы 2 ақпан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық турнирдің облыстық кезеңі өткізілді.
Дебаттық турнирдің мақсаты: республика оқушыларының арасында мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі дебаттық қозғалысты дамыту және қолдау.
Облыстық дебаттық турнирге аудандық/қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелерден қазақ және орыс командалары (қазақ – 12 команда, орыс – 5 команда, жалпы – 48 оқушы) қатысты.
Облыстық дебаттың орыс топтары қорытындысы бойынша:
І дәрежелі диплом
– Арал ауданы – №14 мектеп, «Знатоки» командасы
ІІ дәрежелі диплом
– Қызылорда қаласы – №9БИЛ, «КТЛ» командасы
ІІІ дәрежелі диплом
– Жаңақорған ауданы – №53 орта мектеп, «Білім қырандары» командасы
Облыстық дебаттың қазақ топтары қорытындысы бойынша:
І дәрежелі диплом
– Қызылорда қаласы – №179 орта мектеп, «Хангелді жастары» командасы
ІІ дәрежелі диплом
– Қармақшы ауданы- «Жұлдызды қала жастары» командасы
ІІІ дәрежелі диплом
– Қазалы ауданы-№16 мектеп-лицей, «Руханият уығы» командасы
– Қызылорда қаласы – №4 ОДМИ, «Дарын» командасы
– Қызылорда қаласы, №101 мектептің оқушысы Қалиханова Гүлай «Үздік оратор» номинациясына ие болды;
– Жалағаш ауданы, «Жалын» командасы «Үздік ойыншылар» номинациясына ие болды;
– Шиелі ауданы, «Болашақ жастары» командасы «Креатив» номинациясына ие болды.
Жеңімпаз командалар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері («Хангелді жастары» командасы және «Знатоки» командасы) 2019 жылғы 24-25 ақпанда Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.