“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыты) республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Қызылорда облысынан математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша 28 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қызылорда облысы командалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленсе, №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серікбаев Исламхан “Олимпиаданың ең жас қатысушысы” жүлдесіне ие болды. Жекелеген пәндер бойынша облыс оқушылары екі “күміс” және сегіз “қола” медаль иегері атанды.
Жүлделі ІІ орын және “күміс” медаль иегерлері:
– Ким Артем – №9 БИЛ, 9 сынып (биология)
– Бақытбек Аңсаған – №10 БИЛ, 9 сынып (химия)
Жүлделі ІІІ орын және “қола” медаль иегерлері:
– Нұрдаулетов Исламбек – №9 БИЛ, 9 сынып (химия)
– Серікбаев Исламхан – №9 БИЛ, 9 сынып (физика)
– Минас Дулат – №9 БИЛ, 10 сынып (биология)
– Төлебай Самат – №9 БИЛ, 11 сынып (математика)
– Жеңісбек Әділбек – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып (физика)
– Анасбаева Дильназ – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 10 сынып (физика)
– Сейтханова Ләйлә – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 9 сынып (география)
– Жетпісбай Дінмұхаммед – Қазалы ауданы, №170 мектеп, 9 сынып (география)
2018 жылғы 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Қызылорда облысынан қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша 27 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қызылорда облысы командалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленсе, жекелеген пәндер бойынша облыс оқушылары екі “алтын”, төрт “күміс” және бес “қола” медаль иегері атанды.
Жүлделі І орын және “алтын” медаль иегерлері:
– Ерденбеков Еламан – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып (қазақ тілі мен әдебиеті)
– Аппазов Алмас – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып (Қазақстан тарихы)
Жүлделі ІІ орын және “күміс” медаль иегерлері:
– Сетраков Братислав – Жалағаш ауданы, №31 мектеп, 10 сынып (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Мұса Ақниет – Қызылорда қаласы, “Мұрагер” мектебі, 10 сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі)
– Асқарқызы Адель – №10 БИЛ, 11 сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі)
– Қарабарақов Әскербек – Қармақшы ауданы, №26 мектеп, 11 сынып (Қазақстан тарихы)
Жүлделі ІІІ орын және “қола” медаль иегерлері:
– Тен Надежда – Қармақшы ауданы, №108 мектеп, 10 сынып (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Розметов Алишер – Қазалы ауданы, №266 мектеп, 11 сынып (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Хисматулина Римма – Қызылорда қаласы, №5 мектеп, 11 сынып (орыс тілі мен әдебиеті)
– Ғалымжанова Айдана – Қармақшы ауданы, №272 мектеп, 10 сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі)
– Избасарова Фарида – Қармақшы ауданы, №26 мектеп, 10 сынып (құқық негіздері)