Жалпы ережелер
Осы Ереже «Туған күніңмен, Астана!» атты 5-7 сынып оқушыларына арналған облыстық сурет байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
– Сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту;
– Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру;
– Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
– Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына өз үлестерін сурет арқылы қосуға мүмкіндік беру;
– Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Байқауға қатысушылар
Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады. Байқауға қатысушы саны үштен аспауы тиіс.
Байқауға қатысу туралы өтінімді «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына а.ж. 17 мамырына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны толық көрсетілуі қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, e-mail: syrdaryny@mail.ru
Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең: аудандық, қалалық кезең – а.ж. 16 мамырына дейін;
Екінші кезең: облыстық кезең – а.ж. 4 маусым күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Әрбір қатысушы өзіне керекті құрал-жабдықтарын (қылқалам, бояулар, мольберт, т.б.) алып келуі қажет. Берілетін уақыт: 120 минут.
Қазылар алқасы және марапаттау
Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды төмендегі өлшемдермен 10 балдық жүйе бойынша бағалайды:
– композиция;
– бояуы;
– тақырыпқа сәйкестігі;
– жұмыстың безендірілуі.
Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |