Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасындағы «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты облыстық (сырттай) шығармалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу;
– Астананың мәдени жетістіктерін дәріптей отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу;
– Еліміздің ертеңі – жас буынның жасампаз еліміздің жарқын болашағын құруда өз үлестерін тигізуіне негіз болу, оқушылар көзқарасындағы бас қаламыздың келбетімен танысу;
– Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Шығармалар конкурсы екі кезеңнен тұрады:
– Бірінші кезең (аудандық/қалалық) а.ж. 30 наурызына дейін өткізіліп, екінші кезеңге (облыстық) ұсыныс syrdaryny@mail.ru электронды поштасына а.ж. 2 сәуіріне дейін жіберілуі керек. 15 желтоқсаннан кешіктіріліп жіберілген ұсыныстар қабылданбайды.
– Екінші кезең (облыстық) кезең а.ж. 3 сәуір күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Конкурс аяқталған күннен кейін шығармалар қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды.
Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Материалдың мәтіні А4 форматында жазылады. Бет саны 2 беттен кем болмауы тиіс. Қаріп түрі – Times New Roman. Қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс.
– Шығарманың орындалу реті төмендегіше:
•эссе тақырыбы (қою әріппен)
•автордың аты-жөні (толық)
•облыс, аудан (қала) немесе ауыл
•білім беру ұйымының атауы, сыныбы
•авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық)
– Шығарманың орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
– Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эсс, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.).
Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– тарихи деректердің болуы, әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқыту тілі |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |