«Кеудесі шын ақынның күй сарайы, алады төгіп-төгіп келсе орайы» тақырыбындағы облыстық шығармалар байқауы

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ерташованың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша желтоқсан айында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес және Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын орындау мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасындағы «Кеудесі шын ақынның күй сарайы, алады төгіп-төгіп келсе орайы» атты облыстық шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау. Еліміздің өткеніне құрметпен, бүгініне жауапкершілікпен, болашағына сеніммен қарауға түрткі болу.
– Жаңа буын жас ұрпақтың бойына қазақи салт-дәстүрімізді, ата салты, ақ жолымызды насихаттап, өзіндік ой-қорытындысын шығара білуге тәрбиелеу.
– Жергілікті ақын-жазушылардың өмірбаяны және еңбек жолымен етене танысуларына ықпал ете отырып, қылқаламнан таралған өнеге мен өсиетті бойларына сіңіруге әсер ету.
– Аймағымыздың мақтан тұтар азаматтарын қадірлей отырып, оқушы бойындағы қабілетті ашуға, әдеби кітаптарды оқыта отырып, ой түйіндеуге шақыру.
– Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
Эссе байқауы екі кезеңнен тұрады:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 11 желтоқсанға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 20 желтоқсанында Қызылорда қаласы, №278 орта мектеп базасында өткізіледі.
Байқауға аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары ғана қатыса алады. Сонымен қатар, қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін тапсырады. Байқау аяқталған күннен кейін эсселер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес шығармалар қарастырылмайды. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты;
– Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.).
– Байқауда оқушылар жергілікті ақын-жазушылардың еңбектерінен шығарма жазады және оны қорғайды.

Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– тарихи деректердің болуы, әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.  

Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Оқыту тілі

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны