«Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауы

Жалпы ережелер
Осы Ереже «Мен елімнің ертеңімін» атты 5-7 сынып оқушыларына арналған облыстық сурет байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Байқау).
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілеттерін дамыту. Балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, жарқын болашақтың құлпытасы – жас буын, өздерінің қолдарында екендіктерін түсіндіру. Ел болашағын жоспарлаудағы баланың қиялына ерік беру.

Байқауға қатысушылар
Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.
Байқауға қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2017 жылдың 5 желтоқсанына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 30 қарашаға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 7 желтоқсанында №12 орта мектеп базасында өткізіледі.
Әрбір қатысушы өзіне керекті құрал-жабдықтарын (қылқалам, бояулар, мольберт, т.б.) алып келуі қажет. Берілетін уақыт – 120 минут.

Қазылар алқасы және марапаттау
Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды төмендегі өлшемдермен 10 балдық жүйе бойынша бағалайды:
– композиция;
– бояуы;
– тақырыпқа сәйкестігі;
– жұмыстың безендірілуі.
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.  

Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Оқыту тілі

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны