2018 жылғы 16 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №9 және №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы 5 бағыттан тұрады:
1.«Тілші-әдебиетшілер» Оқушылардың қазақ тіл білімі мен әдебиеті бойынша тест сұрақтары арқылы білімін бағалау. Қазақ тілі пәнінен 50 сұрақ, қазақ әдебиеті пәнінен 50 сұрақты қамтиды. Берілген уақыт мөлшері – 120 минут.
2.«Жас ғалымдар» Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болады. Қорғаушыға берілген ең көп уақыт мөлшері – 10 минут .
3.«Жазушылар» Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жазады. Эссе тақырыптары Қазақстанның өткені мен бүгінінен (тарихы, мәдениеті, әдебиеті, жетістіктері т.б.) ой шертетін еркін түрде таңдап алынып, қатысушыларға жұмысты орындау үшін 120 минут уақыт берілді.
4.«Сөз шеберлері» Қатысушы 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні прозалық немесе поэзиялық жанрда жатқа оқиды. Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
5.«Әнші-бұлбұлдар» Қатысушылар қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір әнді дәстүрлі немесе эстрадалық жанрда орындайды.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне 61 оқушы, оның ішінде 6 оқушы өзге ұлт өкілдерінен қатысты.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Тілші-әдебиетшілер» конкурсы бойынша:
І орын. Жорабаева Арайлым – Қызылорда қаласы, №136 мектеп
ІІ орын. Нұрқабылова Нұрай – Арал ауданы, №63 мектеп
ІІ орын. Бекболат Жаннұр – Жалағаш ауданы, №38 мектеп
ІІІ орын. Сәтбай Гүлсая – Қазалы ауданы, №92 мектеп
ІІІ орын. Райымбек Жансая – №10 БИЛ
ІІІ орын. Когай Анастасия – №10 БИЛ
«Жазушылар» конкурсы бойынша:
ІІ орын. Мизамбаева Гүлбану – Шиелі ауданы, №47 мектеп
ІІ орын. Шайық Жанель – №10 БИЛ
ІІ орын. Әбжаппар Әсия – Жаңақорған ауданы, №167 мектеп
ІІІ орын. Әділхан Ақниет – №9 БИЛ
ІІІ орын. Құрманбай Аяжан – Қазалы ауданы, №249 мектеп
ІІІ орын. Сыланова Айжан – Қармақшы ауданы, №274 мектеп
«Жас ғалымдар» конкурсы бойынша:
І орын. Жұмажанова Дильназ – №10 БИЛ
ІІ орын. Тәжібай Ақерке – Қазалы ауданы, №102 мектеп
ІІ орын. Шайқы Арай – Жалағаш ауданы, №34 мектеп
ІІІ орын. Талғат Қазбек – №9 БИЛ
ІІІ орын. Оңдабаева Балнур – Арал ауданы, №262 мектеп
ІІІ орын. Бақытжанқызы Бибінұр, Бекмырза Мақсат – №4 ОДМИ
ІІІ орын. Алтынбекова Клара – Қармақшы ауданы, №26 мектеп
«Сөз шеберлері» конкурсы бойынша:
І орын. Әбсаттар Аида – Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернат
І орын. Умербай Абылайхан – Қызылорда қаласы, №253 мектеп
ІІ орын. Бижан Мәди – Жалағаш ауданы, №38 мектеп
ІІ орын. Мүслімов Темірлан – Сырдария ауданы, №37 мектеп
ІІІ орын. Қазбеков Шыңғыс – №9 БИЛ
ІІІ орын. Орысбай Бекнұр – Қазалы ауданы, №103 мектеп
ІІІ орын. Абимолдаев Азамат – Қармақшы ауданы, №277 мектеп
ІІІ орын. Жақсылық Ботакөз – №10 БИЛ
«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша:
І орын. Мейрамбек Құралай – №10 БИЛ
ІІ орын. Бердібекова Жаннұр – Қармақшы ауданы, №272 мектеп
ІІІ орын. Бақытбекұлы Дастан – Жалағаш ауданы, №123 мектеп
ІІІ орын. Оразалы Сырым – Қызылорда қаласы, №9 БИЛ
2018 жылғы 21-22 сәуір аралығында Астана қаласы, “Nurorda” мектеп-лицейі базасында өткен “Жарқын болашақ” республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысы атынан 5 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегерлері:
Жорабаева Арайлым – Қызылорда қаласы, №136 мектеп, 11 сынып
Умирбай Абылайхан – Қызылорда қаласы, №253 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын иегері:
Мейрамбек Құралай – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ