Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасындағы «Елбасы жолы – ертеңге» атты жас информатиктердің облыстық сырттай конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылар бойында үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеруге қызығушылықтарын арттыру;
– Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
– Оқушылардың бойында өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;
– Жаңа заман ақпараттық технологиялар заманы болса, сол заманның алтын кілті бүгінгі ұрпақтың қолында екенін сезіндіру. Ел болашағының жарқын болуы үшін жауапкершілікке шақырып, өздіктерімен ізденіп, қабілеттерін дамытуға себепкер болу.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 17 қарашаға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 21 қарашасы күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Конкурсқа аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары ғана қатыса алады. Сонымен қатар, қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2017 жылдың 20 қарашасына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru
Конкурсқа кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера және ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қатыса алады.
Конкурс жұмыстарын рәсімдеу талаптары
– Фильм DVD (CD)-тасымалдаушы дискіге, USB-жинақтау флешкасына жазылады. Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4, wmv, flv, mkv, vob, mov. Кассеталар мен дискілер қатты қаптамаларға оралуы тиіс.
– Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер мен титрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолдануға болады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.
– Конкурс жұмысына word форматында фильмнің аталуы, автордың ТАЖ, білім беру ұйымы, сыныбы және байланыс мәліметтері, түсірім күні, хронометраж, жұмыстың қысқаша сипаттамасы (қосымша) көрсетілген өтінім тіркелуі тиіс.
– Конкурсқа бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Конкурсқа ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
– Фильм өзге автордың құқығын бұзбауы тиіс. Фильмнің мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін, азаматтардың құқығы мен намысына тиетін, ұлттық, діни, нәсілдік ымырасыздыққа шақыратын элементтер болмауы тиіс.
– Конкурстың ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.
Бағалау критерийлері
Конкурс жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады: – идеяны, сюжетті нақты көрсетудің стандартты емес тәсілі;
– тақырыпқа сәйкестігі;
– сюжеттік линияны сақтау;
– фильмнің дыбыстық рәсімделуі;
– шығармашылық тәсілі;
– баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, қорғау кезіндегі сөйлеу);
– бейнелеу сапасы;
– идеяның, тақырыптың өзектілігі;
– монтаж;
– көру жайлылығы және қабылдау жеңілдігі.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.