Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасындағы «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбындағы облыстық сырттай шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылар арасында Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту;
– Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау. Еліміздің өткеніне құрметпен, бүгініне жауапкершілікпен, болашағына сеніммен қарауға түрткі болу;
– Жаңа буын жас ұрпақтың бойына қазақи салт-дәстүрімізді, ата салты, ақ жолымызды насихаттап, өзіндік ой-қорытындысын шығара білуге тәрбиелеу;
– Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау;
– Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.
Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 30 қарашаға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 8 желтоқсанында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
Байқауға аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары ғана қатыса алады. Сонымен қатар, қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2017 жылдың 5 желтоқсанына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru
Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
– Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
– Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.) Байқауға қатысқан шығармаларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды.
Бағалау критерийлері
Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
– шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– жазба тілінің сапасы;
– зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
– тарихи деректердің болуы, әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;
– сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.