Жалпы ережелер
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жоба байқауы (бұдан әрі – Байқау) – Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Б.Сайлыбаевтың Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың желілік кестесі аясында ұйымдастырылатын облыстық шара.
Мақсаты: оқушылардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін арттыру арқылы этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру
Міндеттері:
– оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;
– дарынды оқушыларды анықтау, әрі қолдау;
– оқушылардың ғылыми ізденіске түсуіне жол ашу;
– оқушылардың этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу саласына жұмылдыру.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқауға қатысушылар
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқауды өткізу тәртібі
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1 кезең (қалалық, аудандық) – 13 қыркүйекке дейін;
2 кезең (облыстық кезең) – а.ж. 19 қыркүйек күні, Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицей базасында өткізіледі.
Байқауға ұсынылған ғылыми жобалар облыстық деңгейдегі ұйымдастырушылар әзірлеген қазылар алқасының құрамы негізінде бағаланады.
Аудандық, қалалық байқауды ұйымдастырушылар іріктеуді осы Ереже аясында жүргізеді.
Аудандық, қалалық байқауға қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Байқауға (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.
Байқаудың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа да байқау конкурстарында бұрын соңды ұсынылып, жеңімпаз атанған жұмыстарды пайдалануға жол берілмейді.
Қорытынды байқауға қатысушы үміткерлер өз жұмыстарын қорғау мақсатында баяндама жасайды. Баяндама уақыты – 7-10 минут. Баяндама барысында электронды материалдарды, көрнекі құралдарды қолдануға болады.
Байқаудың бағыттары
1) Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты (Қазақстан халқы бірлігінің тарихи тамыры; Ел бірлігінің экономикалық негіздері; Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім мәдениеті, Толеранттылық қазақстандық менталитеттің рухани негізі ретінде, т.б.)
2) Қазақ хандығы: мемлекеттік тарихы және саяси-экономикалық негіздері;
3) «Мәңгілік ел» патриоттық акт – жаңа Қазақстанның тұғырнамасы;
4) Қазақстан әлемдік кеңістіктегі бейбітшілік пен келісімді дамыту жолында.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар
Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
– титул парағы;
– мазмұны;
– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты) және ағылшын тілінде жазылады;
– кіріспе;
– зерттеу бөлімі;
– қорытынды;
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Титул парағында мыналар көрсетіледі:
– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
– автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
– жұмыстың атауы;
– жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
– жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
– ауданы (жарыстың өтетін жері), жылы;
Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
– зерттеудің мақсаты;
– гипотезасы;
– кезеңдері, зерттеудің реті;
– тәжірибенің әдістемесі;
– зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
– жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
– нәтижелерді практикада қолдану салалары;
Кіріспеде (2 беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
– қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
– жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
– суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер, суреттер);
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек.
Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болуы керек.
Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
– автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;
– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
– журналдың, кітаптың аты;
– басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
– басылған жылы, шығу нөмірі, беті;
Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
Облыстық кезеңге (баяндамаға) 135*125 шаршы сантиметр көлемдегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:
– стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстрактыны, қатысушының атын, жасын, мектебінің, ауданының атын орналастыру қажет;
– стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен рәсімделеді;
– мазмұнды дайындау кезінде негізгі назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аударылады.
Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.
Ғылыми жобада жеңімпаздарды марапаттау
Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Облыстық байқауға ұсыныс төмендегі кесте бойынша жолданады
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала | Мектебі, Сыныбы |
Оқыту тілі |
Жобаның тақырыбы |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны | |