Жалпы ереже
Осы Ереже жалпы білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Олимпиада).
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
– Оқушылардың шығармашылық оқу әрекетіне деген құлшынысы мен қызығушылықтарын арттыру;
– Дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау;
– Оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және білімдерін қолдануды ұғыну;
– Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
Олимпиадаға қатысушылар
Жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатысады;
Математика, биология, информатика, география пәндерінен (сынып ерекшелігі бойынша әр пәнге) тек бір оқушыдан қатыстырылады;
Олимпиадаға қатысу туралы ұсыныстарын «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін тапсырады. Ұсыныста оқушының аты – жөні, сыныбы, пәні, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны толық көрсетілуі қажет.
Олимпиадаға қатысу туралы ұсыныстар аудандық, қалалық білім бөлімі басшысы мен облыстық білім беру мекемелері басшыларының қолымен, бекітілген түрде ұйымдастыру комитетіне жолдануы тиіс.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, e-mail: syrdaryny@mail.ru
Олимпиаданы өткізу тәртібі мен шарттары
Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең: аудандық, қалалық кезең – а.ж. 12 сәуіріне дейін;
Екінші кезең: облыстық кезең – а.ж. 17 сәуір күні Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицей базасында өткізіледі.
Облыстық олимпиаданы өткізу үшін Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастыру комитетін құрады.
Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес қызмет атқарады. Облыстық ұйымдастыру комитеті, сарапшы комиссиясы, қазылар алқасының тізімдік құрамын облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы анықтайды.
Ұйымдастыру комитетінің қызметтері:
– қатысушылардың тізімін, олимпиаданы өткізудің тәртібін, түрін, орнын және уақытын анықтау;
– олимпиадаға тапсырмаларды жасау;
– олимпиаданың тапсырмаларын бағалау көрсеткіштерін жасау мен бекіту;
– сарапшы комиссиясы мен қазылар алқасының жұмыс тәртібін қалыптастыру;
– олимпиаданың ақпараттық, ұйымдастырушылық дайындығы мен өткізілуін қамтамасыз ету.
Қазылар алқасы және марапаттау
Олимпиада жүлдегерлері Қызылорда облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.
Олимпиадаға қатысушылардың қауіпсіздігі
Олимпиадаға қатысушы оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және уақытылы жетуі, қайтуы қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім мекемелерінің басшылары жауапты.
Олимпиадаға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқыту тілі |
Пәні |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |