Жалпы ережелер
Бұл ереже олимпиадаға қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын және жүлдегерлердің құқықтарын айқындайды.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
– Оқушылар арасында математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту;
– Дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылар арасында ғылым мен білімді кеңінен тарату.
– Оқушылардың математика пәнін тереңдетіп оқытуға, білімі мен пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
І (іріктеу) кезеңі – а.ж. 18 сәуіріне дейін қалалық/аудандық жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында өткізіледі;
ІІ (қорытынды облыстық) кезеңі – а.ж. 27 сәуірінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №80 мектеп-гимназия базасында өткізіледі.
Олимпиаданы ұйымдастыру және қажетті құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету
– Облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен олимпиаданы ұйымдастыру комиссиясы, қатысушылар тізімі мен қазылар алқасының мүшелері бекітіледі. Олимпиаданың кезеңдеріне дайындық жұмыстары мен оларды өткізуді «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы жүзеге асырады.
– Олимпиада тапсырмалары «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының мөрі басылған дәптерлерде геометриялық құралдар мен қарындашты пайдалана отырып, көк пастамен орындалады. Әр қатысушы қазақ және орыс тіліндегі тапсырмалар мәтіндерімен қамтамасыз етіледі.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
– олимпиаданың дайындығы мен өткізілуі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен сайтта жариялауды қамтамасыз етеді;
– олимпиада кезеңдерінің өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
– олимпиаданы өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, қазылар алқасы мен төрағасын бекітеді;
– қазылар алқасының ұсынысы бойынша олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
– І кезең (іріктеу) тапсырмаларын аудандық/қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелер дайындайды;
– Қорытынды кезеңге қатысу үшін І (іріктеу) кезеңінің қорытындысы бойынша (І, ІІ, ІІІ) жүлделі орындарға ие болған оқушылар қатыстырылады;
– олимпиада жүлдегерлерінің марапатталуын ұйымдастырады;
– пәндік олимпиаданың барлық кезеңінің нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.
Олимпиадаға қатысушылар
– жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатыса алады.
– ІІ кезеңге қатысушылардың ұсыныстары а.ж. 19 сәуіріне дейін қабылданады.
Олимпиданы қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
– нәтиже олимпиаданың әр кезеңінен кейін қорытындыланады.
– пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңінде І, ІІ және ІІІ орын алған жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
– Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.
Олимпиадаға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала | Мектебі | Сыныбы |
Оқыту тілі |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |