Лингвистикадан республикалық олимпиада

Жалпы ережелер
Бұл ереже лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (әрі қарай – Олимпиада) мақсатын, міндеттерін, өту тәртібін анықтайды.
Олимпианың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жақсарту және тереңдету. 
Олимпиаданың міндеттері:
– орта мектеп оқушылары арасында тіл туралы, әлемдік тілдік әртүрлілік және лингвистиканың мәні туралы білімді насихаттау;
–  оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және лингвистикалық тәжірибеде жалпы білімді шығармашылық қолдануды дамыту;
– лингвистиканы зерттеуге қызығушылықты анықтау және дамыту.

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
Олимпиадаға облыстың лицейлері мен гимназияларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада 3 кезеңде өтеді:
1) аудандық (қалалық) – 11 қазан, 2017 жыл;
2) облыстық – 20 қазан, 2017 жыл.
3) республикалық кезең.
Олимпиаданың облыстық кезеңінде тек айдандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары (10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып 2 оқушы) қатысады.
Олимпиаданың өту формасы – жазбаша жұмыс.
Олимпиада кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.
Ережесі бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.
Облыстық кезеңге қатысу үшін аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық мамандандырылған мектептер 2017 жылдың 12 қазанына дейін білім беру мекемесі басшысының қолымен және мөрімен расталған 1 кезеңнің өту хаттамаларын және Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға өтінімді жіберу қажет. 
Өтінімдегі жіберілген мағлұматтардың растығына білім беру бөлімі жауапты.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы
Ұйымдастыру комитеті өз құзыреттіліктері шегінде:
– Олимпиаданың мерзімін, тәртібін, өту орнын келіседі;
– қазылар алқасының құрамын ЖОО ғылымдары қатарынан құрайды;
– Олимпиаданың өту барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады;
– жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді.

Олимпиадаға қатысушылардың құрамы
Олимпиаданың қатысушылары облыстың лицейлері мен гимназияларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 10-11 сынып оқушылары болып табылады.
Олимпиадаға аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады (10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып – 2 оқушы).
Команданың жетекшісі Олимпиаданың өту орнына дейін, өту барысында және тұрғылықты жерге дейін қайтар жолда олимпиада қатысушыларының қауіпсіздігі мен өміріне толық жауап береді.
Олимпиадаға келген кезде жетекші ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) олимпиадаға қатысу туралы аудандық/қалалық ББ басшысының бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушының жеке бас құжатының немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Олимпиаданың барлық қатысушылары қатысу туралы өтінімге қосылып, ағымдағы жылдың 12 қазанына дейін тіркелулері қажет.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қаржыландыру
Қатысушылардың және жетекшілердің жол жүру ақысы жіберуші білім мекемесінің немесе демеушілер есебінен жүзеге асады.