Экономикадан республикалық турнир

2018 жылғы 27 ақпан күні Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназия базасында жоғары сынып оқушылары арасындағы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты мен міндеттері – экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау.

Облыстық кезеңге жалпы 31 оқушы, соның ішінде 17 – 11 сынып оқушылары, 14 – 10 сынып оқушылары қатыстырылып, бинарлық тест, бір жауапты және 2-3 жауабы бар тесттер, сонымен қатар экономикалық есеп шығарып, бақ сынасты.
Турнир нәтижесінде 15 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері:
– Сарсенбай Жаңыл – Қызылорда қаласы, №9 мектеп, 10 сынып
– Саду Бауыржан – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Ғалымжан Серіжан – №4 ОДМИ, 10 сынып
– Мадібек Арман – Қызылорда қаласы, №3 мектеп, 11 сынып
– Икматуллаева Гүлзат – Арал ауданы, №64 мектеп, 11 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Махмуд Назерке – Қазалы ауданы, №16 мектеп, 10 сынып
– Жолдасбаев Мағжан – Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 10 сынып
– Жаксыбаева Альфия – Сырдария ауданы, №35 мектеп, 10 сынып
– Қадірбай Еркебұлан – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 11 сынып
– Мұратбеков Алмат – Қармақшы ауданы, №80 мектеп, 11 сынып
– Әріпхожаева Арайлым – Сырдария ауданы, №35 мектеп, 11 сынып
– Жұмабек Қазына – Шиелі ауданы, №127 мектеп, 11 сынып
– Манап Асқар – №4 ОДМИ, 11 сынып
– Иманғали Назерке – №4 ОДМИ, 11 сынып
– Аманкелді Әдемі – №4 ОДМИ, 11 сынып

2018 жылғы 25-27 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан “Тау-Тұран” оқу-сауықтыру орталығында өткен экономикадан республикалық турнирге облысымыздан 5 оқушы қатыстырылып, сертификаттар мен номинация иегерлері атанды.
– Сарсенбай Жаңыл – №9 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы “Теориялық турдың ең үздік” номинациясымен;
– Саду Бауыржан – №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы қатысушы сертификатымен;
– Мадібек Арман – №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы “Практикалық турдың ең үздік” номинациясы және “Ең үздік эссе” номинациясымен;
– Икматуллаева Гүлзат – Арал ауданы, №64 орта мектебінің 11 сынып оқушысы қатысушы сертификатымен;
– Ғалымжан Серіжан – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы қатысушы сертификатымен марапатталды.