І. Жалпы ереже
Осы ереже «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жфылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін республикалық «Әбіш оқуларының» (бұдан әрі – Әбіш оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамсыздандырылуын, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегенрлерін анықтау тәртібін айқындайды.
Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Маңғыстау облысының білім басқарамасымен бірлесіп өткізеді.
«Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
«Әбіш оқуларының» негізгі міндеттері: Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
ІІ. Әбіш оқуларының қатысушылары
«Әбіш оқуларына» облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сыныптарының оқушылары қатынаса алады. Әр облыс облыстық кезеңге жекелеген байқауларға қатысқан 3 оқушыны қоса есептегенде барлығы 10 оқушы және жетекшіден тұратын бір топты ұсынады. Жетекші топ құрамындағы оқушылардың жол бойындағы өмір қауіпсіздігіне жауапты. Жетекшіні білім ұйымдары тағайындайды.
ІІ. Әбіш оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1.Республикалық «Әбіш оқулары» төрт бағыт бойынша өткізіледі.
Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3-тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты – жөні, облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы – А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі – түсті қарындаштар және т.б). Рамаға салу міндетті емес.
Республикалық кезеңде жас суретшілерге қазылар алқасы бір тақырып ұсынып, оны жоғарыдағы орындау техникасына сәйкес салуды тапсырады.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған 3 шығармасын мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 5-7 минут.
Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.
Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) беттері нөмірленуі тиіс. Сондай-ақ:
– титул парағы:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты; (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік)
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы,);
- жұмыстыңжетекшісі (аты-жөні, оқудәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты;
– мазмұны;
– абстракт (аннотация) – жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөзден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілуі тиіс;
– кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес), мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі;
– жұмыстың негізгі бөлімі: 15 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;
– қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт: 5-7 минут.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым
Қойылатын талаптар: Байқауға топ құрамындағы 7 оқушының қатысу мүмкіндігі қарастырылады (7 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті өзін-өзі ұстауы, сахналық киімі, сөйлеу мәнері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады. Берілетін уақыт 10 минут.
Әбіш оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша 2 кезеңде:
1 кезең облыстық кезең – 2017 жылғы желтоқсан, 2018 жылғы қаңтар айының ішінде;
2 кезең республикалық кезең – 2018 жылғы сәуір айында өткізіледі.
Облыстық байқаулардан бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
«Әбіш оқулары» байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу жауапкершілік Маңғыстау облысы білім басқармасына және тиісті облыстық білім басқармаларына жүктеледі.
«Әбіш оқулары» байқауын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруді Маңғыстау облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Дарын» РҒПО, облыстық әкімшіліктердің, білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері енеді.
Республикалық ұйымдастыру комитеті:
1) іс-шараларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) іс-шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
Республикалық «Әбіш оқулары» байқауына қатысушылардың білімі мен өнерін төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен (барлығы 7 адамнан кем емес) тұратын қазылар алқасы бағалайды:
1) қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
2) қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;
3) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
5) Байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
Маңғыстау облысының білім басқармасы іс – шаралардың қорытындыларын жинақтап қорытады және ақпаратты сайтқа жариялайды.
ІV. Қорытындылау және марапаттау
Әбіш оқуларының бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Командалық І, ІІ, ІІІ орын алған топтар «Дарын» РҒПО дипломдарымен марапатталады. Арнайы номинация иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
V. Қаржыландыру
Қаржы шығындары бекітілген смета бойынша қаржыландырылады.
Республикалық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (барып-келу жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді.
Республикалық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің жататын орны мен тамақтануы, марапатқа берілетін бағалы сыйлықтары Маңғыстау облыстық білім басқармасы көтереді.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары:
«Дарын» РҒПО:
Маңғыстау облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы:
8(7292)338456, 8(7292)338460, 8(7292)338462
Эл.пошта caspiandaryn@mail.ru