Жалпы ережесі
Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және турнирдің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуы мен жеңімпаздар және жүлдегерлерді анықтауды белгілейді.
Экономика пәні бойынша оқушыларының республикалық турнирі (бұдан әрі – Турнир) жылда оқушылардың көктемгі демалыс уақытында өткізілетін интеллектуалдық сайыс.
Турнирдің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Джуниор Эчивмент Казахстан» қоғамдық қоры.
Турнир шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім-шарттар негізінде бірқатар отандық және шетелдік партнер – жоғары оқу орандарының қолдауымен өткізіледі.
Турнирдің мақсаты мен міндеті
Турнирдің негізгі мақсаттары:
– экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту;
– экономика саласында дарынды балаларға алғашқы кәсіби білім беру дайындығын жүргізу;
– оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау.
Турнирдің міндеттері:
– экономика саласында ең дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай жасау;
– оқушылардың экономикалық білім негіздерін үйренуге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық оқуларын тереңдету;
– жаңа ақпараттық технология және компьютерлік модельдеуді қолдану аясындағы бағдарламалық дағдыны дамыту;
– партнер – жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттеріне тарту мақсатында оқушыларға кәсіби өзін-өзі табуға бағдар беру.
Турнирге қатысушылар
Турнирге жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДБҰ 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Әр облыстын, Астана және Алматы қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДБҰ Турнирге қатысу үшін құрамында бір командадан шақырылады. Команда құрамына 4 оқушы (10 сынып- 2 қатысушы , 11 сынып- 2 қатысушы) және 1 жетекші енгізіледі.
Команда жетекшісі қатысушылар Турнир болатын жерге келіп жеткенше (және қайтар жолдарында), Турнирдің өту барысы кезеңінде қатысушылардың өмір қауіпсіздігіне толық жауап береді.
Турнирдің іріктеу кезеңін ұйымдастыру және өткізуге жауапты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тағайындаған үйлестірушілері ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына іріктеу кезеңнің қорытындысы туралы есепті, қатысушының аты-жөні, аймақ, мектеп, қатысушының білім алу тілі, сонымен қатар, тренер-мұғалімінің аты-жөні белгіленген қорытынды кезеңге қатысу жөніндегі өтінімді 1 наурызға дейін жіберуге міндетті.
Ұйымдастыру комитетінің мекен–жайы:
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, тел. 8 (7172) 44 53 36, факс: 44 53 52 317996, e-mail: e-mail:akzhol_boranbay@mail.ru, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы;
Бөгенбай батыр көшесі, 17, тел/факс: 8 (7172) 522-996; e-mail: irinayen1@mail.ru; «Джуниор Эчивмент Казахстан» қоғамдық қоры.
Турнирдің қорытынды кезеңіне қатысуға рұқсат пен тіркеу облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДБҰ жазбаша мәлімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Турнирді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Турнирдің ұйымдастыру комитетінің құрамына министрліктің, «Дарын» РҒПО, «Джуниор Эчивмент Казахстан» ҚҚ, аймақтық білім басқармасының өкілдері енгізіледі.
Ұйымдастыру комитеті Турнирдің қорытынды кезеңін ұйымдастыру және өткізуге тікелей жетекшілікті жүзеге асырады, әдістемелік кеңес, қазылар алқасы құрамын, турнирдің бағдарламасын, қатысушы командалар тізімін бекітеді, турнирді қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауын жүзеге асырады.
Әдістемелік кеңес турнирдің теориялық, практикалық және шығармашылық кезеңдерінің тапсырмаларын әзірлеп құрастырады.
Қазылар алқасы:
– қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды;
– ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, оларды дайындаған мұғалімдерді марапаттау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Турнир екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – іріктеу кезең (аймақтық);
2 кезең – қорытынды кезең (республикалық).
Іріктеу кезең екі турда өткізіледі
1 тур – мектепішілік – қараша айының 25-нен ағымдағы жылдың 25 желтоксанына дейін;
2 тур – облыстық – келесі жылдың 1 ақпанынан 1 наурызына дейін;
Турнирдің қорытынды кезеңі 3 турда өткізіледі:
1 тур – теориялық;
2 тур – практикалық;
3 тур – шығармашылық.
Турнирді қорытындылау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Сонымен қатар, партнер-жоғары оқу орындарының білім беру гранттары тапсырылады. Номинация бойынша мақтау қағаздары, сыйлықтар ескерілген.
Турнирде оқушылары жеңімпаздар немесе жүлдегер атанған мұғалімдерге алғыс жарияланып, сертификат тапсырылады.
Турнирді қаржыландыру
Турнирге қатысушылар мен жетекшілерінің іссапарлық шығыны (жол шығыны, тамақтану және жатын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.