«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы

Жалпы ережелер

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумның міндеттері:

1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;

3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;

4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

5) мәдени және табиғи алуантүрлілікті сақтау принципіне сәйкес балаларда бірегей жалпы адамзат құндылықтарын тәрбиелеу;

6) шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау;

7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

Форумды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.

Әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.
Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

Форумның өткізілетін орны мен уақыты 

Форум 2019 жылғы 11-12 маусым Қарағанды облысының Қарағанды қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 2019 жылғы 10 маусым, қайту күні – 2019 жылғы 13 маусым.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 15 мамырға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.

Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) Форумның облыстық (Астана, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық форумға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);

3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) ата-аналардың нотариус бекіткен сенімхаттары.

Форумға қатысушылар

Форумға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумдарындағы жеңімпаз топтар – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.  Қатысушылардың жас ерекшеліктері Форумға қатысу кезінде 14-16 жастағы білім алушылар.

Қатысушылардың жалпы саны – 160 адам.

Форумды өткізу орнына дейінгі жету кезіндегі, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезіндегі балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен анықталған топ жетекшілеріне жүктеледі.

Әрбір топ қатысушысы Форумды өткізу орнына дейін жету кезінде, Форумды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.

Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:

– білім алушылардың және топ жетекшілерінің Форумның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Форумға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

– қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекенжайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны)

– барлық қатысушылардың мен топ жетекшілерінің жеке басын куәләндіретін құжаттарының көшірмесі;

дәрігердің қолы және мөрімен расталған, дене жүктемелеріне рұқсаты бар денсаулығының жағдайы туралы анықтамасы;

– фотосуреті бар және білім беру ұйымының мөрімен және қолымен расталған оқу орнынан анықтама;

топтың сақтандыру полисі;

топ жетекшілерінің іссапар куәліктері;

– қатысушылардың ата-аналарының сенімхаттары.

Әр облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары делегацияларының мерекелік формасы, айырым белгілері (гластуктері, кепкалары, бейсболкалары, эмблемасы), далалық және спорттық формасы, қосымша киім, аяқ киім және жеке гигиена заттары болуы қажет.

Форумды өткізу тәртібі және шарты

Балаларды бұқаралық іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын арттыру үшін Форум екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

– мектепішілік Форум;

– аудандық (қалалық) Форум;

– облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық Форум.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Форум

Форумның бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Туған өлкені зерттейміз» номинациясы – табиғатты қорғау және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері туралы зерттеу жобаларының байқауы, табиғат нысандары мен аумақтарына зерттеулер және экспедициялар туралы қорытынды есептері (1 қатысушы).

«Жасыл экономика» номинациясы:

– қалдықтарды қолдану жүйесін басқару және жетілдіру;

– су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру;

– «таза» көлік құралын дамыту;

– табиғат ресурстарын саналы қолдануға бағытталған жобалар байқауы (әртүрлі бағыт бойынша 2 қатысушы).

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы – денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы (әртүрлі бағыт бойынша 2 қатысушы).

Зерттеу жобаларын қорғау байқауларына реферат (баяндама) сипатындағы жұмыстар жіберілмейді.

Бағалау өлшемдері: зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі, жұмыстың практикалық маңызы, автордың қосар жеке үлесі, сөйлеу шеберлігі.

Қойылатын талаптар: таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, аталған зерттеу жұмысына қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сиппаттама беріледі.

Жобаны қорғау уақыты – көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен – 7 минут.

«Экоәлем» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, экологиялық күзеттер жұмысы (патруль) бойынша видеороликтер презентациясы (1 қатысушы). Презентация – 5 минут.

Қойылатын талаптар: видеоөнім сандық тасымалдағыштарда, электронды файлдар mpeg-4, avi, mkv форматында ұсынылуы тиіс.

Видеороликте білім алушылардың, педагогтердің, ата-аналардың қатысуына, сонымен қатар аталған сұраққа стандартты емес тәсілмен қарауға, түсірілім, анимация және компьютерлік графика тәрізді визуалды ұсыну тәсілдерін, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеуді қолдануға болады.

Бағалау өлшемдері: стилистикалық шешім, практикалық қолданылымы, жасампаздығы, әлеуметтік маңыздылығы,  видеоматериалдар сапасы.

«Жасыл оазистер» номинациясы – экодизайнерлер байқауы (3 қатысушы). Байқау жұмысы еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи-өсімдік материалдан жасалады. Композиция өлшемі 70х70 см-ден артық емес. Инертті материал қолданылуы мүмкін (20%-дан артық емес). Жұмыста орындау уақыты – 2 сағат, жұмысты қорғау – 5 минут. Композицияға арналған орынды ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді. Жұмысты орындау үшін сәндік материалдарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді. Қатысушылардың өз жеке құрал-саймандары, сәндеу элементтері болуы тиіс.

Бағалау өлшемдері: идея, композиция, орындау техникасы, жасампаздық,  практикада қолданудың шынайылылығы.

Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері». Жарысқа қатысушылар бағдар картасында белгіленген бағыт бойынша бақылау пункттерін (бұдан әрі – БП) анықтайды және табады. Қатысушылар әр БП-інде сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруі тиіс. Соңғы сұрақ келесі БП-не бағдарлайды. Тапсырманы орындауға – 10 минуттан артық емес уақыт беріледі.

– «Өсімдіктер әлемінде» (өсімдіктің түрлік құрамын, қасиеттерін анықтау);

– «Таныс бейтаныстар» (жануарлар әлемі өкілдерін суреттер, фотосуреттер және жекеленген фрагменттер бойынша анықтау);

– «Табиғатпен келісімде»  (қатысушылар берілген жағдайда табиғатта жүру тәртібінің ережелері бойынша шешімдер табады);

– «Қорық соқпақтарымен» (Қызыл кітап беттері бойынша саяхат);

– «Қазақстанның биоценоздары» (терминологияны білу, кестелер және сызбалар бойынша жұмыс);

– блиц-тест (5 минут ішінде 20 сұрақ).

Бағалау өлшемдері: дұрыс жауап, тапсырманы шешу жылдамдығы, топтың келісімді жұмысы.

Экологиялық квест үшін тапсырмаларды Форумды ұйымдастырушылар ұсынады.

Форумды өткізу шеңберінде «Жасыл әлем» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда.

Әр делегация үшін шығармашылық және зерттеу жұмыстарын номинациялар бойынша орындау міндетті шарт болып табылады.

Форумның қатысушыларын марапаттау

Форумның жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады. Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер алғыс хаттармен марапатталады.

 Форумды қаржыландыру

 Аудандық, облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы Форумның кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

Форумға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге бару және кері қайту жол ақысы және жолдағы тамақтануы жіберуші жақтың тарапынан төленеді.

Форумды өткізу және ұйымдастыру, Форум кезінде қатысушылардың орналасуы және тамақтануына шығыстарды Республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.