Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық байқауы

Жалпы ережелер

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері Фестиваль-байқаудың мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

Мақсаты: классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілерін меңгеру және орындау арқылы білім алушы тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру, балалар музыка мектептерін және өнер мектептерін дамыту, олардың бала тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы ролін арттыру.

Міндеттері:

1) жас музыканттардың эстетикалық, адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік және отандық көркемөнер мәдениетінің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту;

2) музыкалық дарынды білім алушылар мен дарынды балалар ұжымдарын қолдау, олардың белсенділіктері мен кәсіби бағдарларын ынталандыру;

3) кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және бекіту, республикадағы музыкалық-педагогикалық білім беру сапасын арттыру, ұжымдар мен педагогтер арасындағы тәжірибе алмасуға ықпал ету;

4) балалар мен жастардың музыкалық шығармашылығын дамыту мақсатында республиканың әр өңіріндегі музыкалық білім берудің даму деңгейін анықтау;

5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.

Көрме-байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.

Көрме-байқаудың әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.

Көрме-байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

2-тарау. Фестиваль-байқауды өткізу уақыты және орны

Фестиваль-байқау 2019 жылғы 26-29 наурызда Алматы қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 2019 жылғы 25 наурыз, кету күні – 30 наурыз.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 10 наурызға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.

Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) Көрме-байқаудың облыстық (Астана, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық Көрме-байқауға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);

3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) ата-аналардың нотариус бекіткен сенімхаттары.

3-тарау. Фестиваль-байқауға қатысушылар

Байқауға қазақ және орыс халық аспаптары бөлімінде оқитын білім алушылар – жеке орындаушылар (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара), қазақ халық аспапатары ансамбльдері және орыс халық аспаптары ансамбльдері қатысады.

Республикалық байқау қатысушыларының саны қосымша берілген бөлу парағымен анықталады.

Қатысушылардың жалпы саны – 400 адам

Фестиваль-байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі

Топ жетекшісінде келесі құжаттар болуы тиіс:

1) байқаудың облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда – қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Республикалық Фестиваль-байқауға қатысу үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);

3) барлық қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;

4) қатысушының денсаулығы туралы дәрігердің қолы және мөрі қойылған анықтама;

5) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған қатысушының фотосуреті бар анықтама;

6) топ жетекшілерінің іссапар куәліктері;

7) ата-аналардың сенімхаттары.

Әр делегацияның киімдерінде ерекше элементтері: галстуктар, кепкалар, бейсболкалар, эмблема, сондай-ақ қатысушылардың жеке гигиеналық заттары болуы керек.

 4-тарау. Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі

Байқауды ұйымдастырушылар байқаудың республикалық кезеңін дайындап өткізу үшін ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

Жеке орындаушы және ансамбль арасындағы байқауы 2 кезеңнен өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

аудандық (қалалық);

облыстық, Астана және Алматы қалалық.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау

Байқаудың бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

Облыстық әділ қазылар алқасының хаттамасы негізінде білім басқармасы балалардың республикалық байқауға қатысуы туралы бұйрық шығарады.

Республикалық байқау келесі жас санаттары бойынша жүргізіледі:

1) кіші жастағылар тобы – 7-9 жас;

2) орта жастағылар тобы – 10-12 жас;

3) ересек жастағылар тобы – 13-17 жас.

Кіші жастағылар тобының қатысушыларына қойылатын бағдарламалық талаптар музыка мектебінің V сынып білім алушыларына арналған бағдарламалық талаптардан төмен болмауы керек, орта жастағы топтар үшін VI сыныптың, ересек жастағы топтар үшін VII сыныптың бағдарламалық талаптарынан төмен болмауы керек.

Кіші және орта жастағылар тобында байқау І кезеңде, ересек жастағылар тобында ІІ кезеңде өткізіледі. ІІ кезеңге жартысынан аспайтын қатысушы өтеді.

Ансамбльдер байқауына жоғары сыныптардың білім алушылары қатысады. Республикалық байқаудың ансамбль құрамындағы қатысушыларының саны – 11 адамнан аз емес. Ансамбльдің құрамында дирижер немесе орындаушы ретінде бір педагогтің қатысуына рұқсат беріледі.

Қатысушылардың орындау реті балалардың келген күні жеребе тастау жолымен анықталады.

5-тарау. Фестиваль-байқау қатысушыларын марапаттау

Байқау жеңімпаздары лауреат дипломдарымен: Гран-При, 1, 2, 3 деңгейлі және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орын алмаған республикалық Байқау қатысушыларына сертификаттар тапсырылады. Республикалық байқау жеңімпаздарының педагогтері мен концертмейстерлеріне алғыс хаттар табысталады.

6-тарау. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

Аудандық, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент Байқаудың кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

Республикалық байқау қатысушыларының және жетекші педагогтердің іс-шара өткізілетін жерге келетін жол ақысы және тамағы жіберуші тарапынан төленеді.

Іссапар уақытында жетекші педагогтердің, концертмейстерлердің жалақысы сақталады. Педагогтердің іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Байқауды ұйымдастыру Республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

БАЙҚАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

Кіші жас тобы (домбыра сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторларының шығармалары.

Орта жас тобы (домбыра сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, ның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторларының шығармалары.

Ересек жас тобы (домбыра сыныбы)

1-кезең: 1. Түрлі сипаттағы екі күй (шертпе, төкпе).

  1. Виртуозды шығарма.

2-кезең: 1. Орыс, кеңес немесе батыс композиторының шығармасы.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Кіші жас тобы (қобыз сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, оның бірі –орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторларының шығармалары.

Орта жас тобы (қобыз сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, оның бірі – орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторларының шығармалары.

Ересек жас тобы (қобыз сыныбы)

1-кезең:

  1. Халықтық орындау нақышындағы міндетті пьеса (күй).
  2. Ыңғайланған және өңделген халық әуендері.
  3. Орыс, кеңес және батыс композиторларының шығармалары.

2-кезең:

  1. Ірі нысанды шығарма (концерт).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Кіші жас тобы (қыл-қобыз сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, оның бірі –орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторлары.

Орта жас тобы (қыл-қобыз сыныбы)

Сүйемелдеумен түрлі сипаттағы 3 пьеса, оның бірі –орыс, кеңес, батыс немесе қазақ композиторларының шығармалары.

Ересек жас тобы (қыл-қобыз сыныбы)

1-кезең:

  1. Түрлі сипаттағы екі күй (квартет, квинтаға салумен).
  2. Сүйемелдеумен орыс немес батыс композиторының шығармасы.

2-кезең:

  1. Ірі нысанды шығарма (концерт).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма (халық күйі).

Кіші жас тобы (шертер сыныбы)

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі немесе қазақ композиторының әуені.
  2. Орыс композиторының пьесасы.
  3. Өңделген халық әні.

Орта жас тобы (шертер сыныбы)

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі немесе қазақ композиторының әуені.
  2. Батыс композиторының пьесасы.
  3. Өңделген халық әндері мен халық күйлері.
  4. Виртуозды шығарма немесе концерт (I бөлімі немесе II-III бөлімдері).

Жоғары жастағылар тобы (шертер сыныбы)

1-кезең:

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі немесе қазақ композиторының әуені.
  2. Өңделген халық әні немесе күйі.
  3. Виртуозды шығарма.

2-кезең:

  1. Концерт (I бөлімі немесе II-III бөлімдері).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма немесе күй.

ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

Кіші жас тобы (баяна, аккордеон сыныбы)

  1. Кантилена.
  2. Қазақстан композиторының пьесасы.
  3. Ірі нысанды шығарма немесе өңделген халық әуені.

Орта жас тобы (баяна, аккордеона сыныбы)

  1. Виртуозды шығарма.
  2. Полифониялық шығарма (таңдалған пернеде – баянға арналған).
  3. Ірі нысанды шығарма немесе өңделген халық әуені.
  4. Қазақстан композиторының пьесасы.

Ересек жас тобы (баяна, аккордеона сыныбы)

1-кезең.

  1. Виртуозды шығарма.
  2. Полифониялық шығарма (баянға арналған – таңдалған пернеде).
  3. Қазақстан композиторының шығармасы.

2-кезең.

  1. Өңделген халық әуені.
  2. Ірі нысанды шығармалар, вариациялар, өңдеулер, халық әндеріне ыңғайланған концерттік пьесалар.

Кіші жас тобы (домра, балалайқа сыныбы)

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі, әуені немесе қазақ композиторының шығармасы.
  2. XVII-XIX ғасырлардағы қампозитдың ыңғайланған пьесасы.
  3. Өңделген халық әуендері.

Орта жас тобы (домры, балалайки сыныбы)

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі, әуені немесе қазақ композиторының шығармасы.
  2. XVII-XIX ғасырлардағы қампозитдың ыңғайланған пьесасы.
  3. Өңделген халық әуендері.
  4. Виртуоздық шығармалар немесе концерттер (I бөлім немесе II-III бөлімдері).

Жоғары жас тобы (домра, балалайка сыныбы)

1-кезең:

  1. Ыңғайланған немесе өңделген қазақ халық күйі, әуені немесе қазақ композиторының шығармасы.
  2. Өңделген халық әндері.
  3. Виртуозды шығарма.

2-кезең:

  1. Концерт (I бөлім немесе II-III бөлім).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Кіші жас тобы (гитара сыныбы)

  1. 1. Композитор шығармасы – классика.
  2. Қазақ халық әндерінің немесе Қазақстан композиторларының пьесаларының гитараға арналған өңдеулері.
  3. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Орта жастағы топтар (гитара сыныбы)

  1. Композитор шығармасы – классика.
  2. Қазақ халық әуендерінің немесе Қазақстан композиторларының пьесаларының гитараға арналған өңдеулері.
  3. Ірі нысанды шығармалар (Халықтық тақырыптарға өңдеулер, рондо, сонатиналар, сюиталар және тағы басқа).
  4. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

Ересек жас тобы (гитара сыныбы)

1-кезең:

  1. Композитор шығармасы – классика.
  2. Қазақ халық әндерінің немесе Қазақстан композиторларының пьесаларының гитараға арналған өңдеулері.

3.Виртуозды пьеса.

2-кезең:

  1. Ірі нысанды шығармалар және полифониялық шығармалар.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалар.

Ансамбльдер немесе оркестрлер

Ансамбльдің немесе оркестрдің байқаулық көрсетілімдерінің бағдарламасына түрлі сипаттағы пьесалар кіреді, оның бірі – өңделген Қазақстан композиторының немесе қазақ халық әні болуы тиіс.

Байқауда орындалатын шығармалардың саны бестен көп болмауы тиіс. Әр ұжымның өнер көрсету уақыты 15 минуттан аспауы қажет. Аснсамбль ұжымының құрамында дирижер немесе орындаушы ретінде бір педагог қатыса алады.