1-тарау. Жалпы ережелер
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Көрме-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль-байқаудың міндеттері:
– балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметі сапасын арттыру;
– өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелу тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
– сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен дарынды орындаушылар мен кәсіпқой педагогтер, балалар мен жастардың театр ұжымдарының ұйымдастырушылары арасынан балалар мен жастардың театр ұжымын анықтау;
– балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру;
– балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету;
– балалар мен жастардың театр ұжымдары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибемен алмасу.
Көрме-байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді
Көрме-байқаудың әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.
Көрме-байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2-тарау. Фестиваль-байқауды өткізу уақыты және орны
Көрме-байқау 2019 жылғы 25-26 наурызда Атырау қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 2019 жылғы 24 наурыз, кету күні – 27 наурызда.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2019 жылғы 1 наурызға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.
Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Көрме-байқаудың облыстық (Астана, Алматы, Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық Көрме-байқауға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);
3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) ата-аналардың нотариус бекіткен сенімхаттары.
3-тарау. Фестиваль-байқауға қатысушылар
Фестиваль-байқауға жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларынан қатысушылар саны: жеті білім алушы және бір делегация жетекшісі. Фестиваль-байқаудың қатысушылардың жасы: 11-16 жас.
Қатысушылардың жалпы саны – 128 адам. Өңірлерден келетін қатысушылардың саны бөлу парағына сәйкес.
Фестиваль-байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.
Әрбір топ қатысушысы Көрме-байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Көрме-байқауды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.
Делегация жетекшілерінің өздерімен бірге келесі құжаттары болуы керек:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда – қалалық) Фестиваль-байқау кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Фестиваль-байқауға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысы бұйырығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);
3) барлық қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;
4) қатысушының денсаулығы туралы дәрігердің қолы және мөрі қойылған анықтама;
5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған фотосуреті бар анықтама;
6) топ жетекшісінің іссапар куәлігі;
7) ата-аналардың сенімхаты.
Әр облыстың, республикалық маңызы бар қалалар делегацияларының ерекше элементтері: галстуктар, кепкалар, бейсболкалар, эмблемасы, сондай-ақ қатысушылардың жеке тазалық заттары болуы керек.
4-тарау. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары және тәртібі
Бұқаралық іс-шараларға қатысу арқылы көркем өнерді насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Фестиваль-байқау екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Фестиваль-байқау;
аудандық (қалалық) Фестиваль-байқау;
облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық Фестиваль-байқау.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Фестиваль-байқау.
Фестиваль-байқаудың бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
Ұжым фестиваль-байқауға мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынады (ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс):
Фестиваль-байқау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- «Драмалық спектакль»;
- «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);
- «Әдеби-музыкалық композиция»;
- «Қуыршақ театры».
Теарлық қойылымдарды бағалау өлшемшарттары:
- режиссерлік шешімнің ерекшелігі;
- қойылымның ұжымның жас ерекшеліктеріне және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
- спектакльді, қойылымды көркемдеп сәндеуі;
- спектакльді, қойылымды музыкалық әрлендіруі;
- орындаушылардың актерлік шеберліктері;
- орындау шеберліктері (дикциясы, екпіндеу тазалығы, әртістігі);
- жасалған сахналық бейненің шынайылығы.
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша үздік байқау жұмыстары (қойылым) және үздік орындаушылар «Үздік әртістік бейнені сомдау», «Үздік әйел адамның рөлі», «Үздік ер адамның рөлі», «Үздік сахналық костюм», «Үздік екінші пландағы рөл», «Үздік хореография», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары анықталады.
Фестиваль-байқауды кәсіби әділқазылар алқасы 10-баллдық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Фестиваль-байқау қатысушыларын марапаттау
Фестиваль-байқаудың қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ «Үздік әртістік бейнені сомдау», «Үздік әйел адамның рөлі», «Үздік ер адамның рөлі», «Үздік сахналық костюм», «Үздік екінші пландағы рөл», «Үздік хореография», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге алғыс хаттар табысталады немесе жолданады.
6-тарау. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
Фестиваль-байқаудың өңірлік кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
Фестиваль-байқау қатысушыларының іс-шара өткізілетін жерге келетін және қайтатын жол ақысы және тамақтануы Фестиваль-байқауға жіберуші тарапынан төленеді.
- Фестиваль-байқауды өткізу және ұйымдастыру, байқау кезінде қатысушылардың орналасу және тамақтану шығыстары республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.