«Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі

Жалпы ережелер

 «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесін (бұдан әрі – Көрме) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

Көрменің мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.

Көрменің міндеттері:

  • білім алушылардың көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға назарын аударту;
  • оларды белсенді шығармашылық қызметке араластыру;
  • өз бетінше жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылықты және жеке тәсілді дамыту;
  • шығармашылықпен араласу алаңын құру, көрмеге қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;
  • көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру;
  • балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу.

Көрме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша өткізіледі.

Көрменің әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.

Көрмені ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

Көрмені ұйымдастыру уақыты мен орны

Көрме 2019 жылғы 2 қарашада Шымкент қаласында өткізіледі. Қатысушылардың келу күні – 2019 жылғы 1 қараша, кету күні – 3 қараша.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім 1-қосымша) 2019 жылғы 10 қазанға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.

Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) Көрменің облыстық (Астана, Алматы, Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық Көрмеге қатысу үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);

3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Көрмеге қатысушылар

Көрмеге облыстық, қалалық (Астана, Алматы, Шымкент) балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жеңімпаз атанған республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің 11-17 жастағы білім алушыларының жұмыстары қабылданады. Жұмыстар авторлық (жеке) болуы қажет.

Жұмыстарды әр облыстан 7 адамнан: 6 бала және 1 педагогтен құралатын топ ұсынады. Қатысушылардың жалпы саны – 112 адам.

Көрмені өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары анықтаған топ жетекшісіне жүктеледі.

Әрбір қатысушысы Көрмені өткізу орнына дейін жету кезінде, Көрмені өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.

Көрмеге келгенде топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) облыстық (қалалық) Көрменің кезеңінің қорытындысы бойынша білім алушылар мен топ жетекшісін Көрмеге қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысы бұйырығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, топ жетекшісінің аты-жөні, қызметтік лауазымы, ұялы телефоны);

3) барлық қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат), туу туралы куәліктердің көшірмелері;

4) медициналық анықтама (әр қатысушыға);

5) білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған фотосуреті бар анықтама;

6) топ жетекшісінің іссапар куәлігі;

7) ата-аналардың сенімхаты;

8) жұмысқа аңдатпа (2-қосымша).

Әр топтың киімдерінде ерекше элементтері: бейсболкалар, галстуктар, эмблемасы және т.б. болуы керек.

 Көрмені өткізу шарты және тәртібі

 Бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылықты дәріптеу, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру мақсатында Көрме екі кезеңнен өткізіледі.

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Көрме;

аудандық (қалалық) Көрме;

облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық Көрме.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Көрме

Көрме бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

Көрмеге әрбір қатысушыдан әр номинацияға 5 жұмыстан қабылданады:

1) «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;

2) «Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;

3) «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;

4) «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;

5) «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)»;

6) «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері».

Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс: жұмыстың аталуы, автордың тегі, аты, жасы, орындау техникасы, білім беру ұйымының аталуы.

Жұмыстар көрсетілім үшін толығымен дайын болуы керек (ілгіштер: жиектері, ілмектері, тірегіштері және тағы басқаларының болуы).

Көрме жұмыстары келесі өлшемдермен бағаланады:

Шығармашылық тәсіл:

  • тақырыпқа сәйкестігі,
  • көркемдік талғамы, ерекшелігі;
  • композициясы;
  • түстік шешімі, колориті;

сапасы:

  • таңдалған техниканы меңгеруі;
  • жұмыстың эстетикалық түрі және безендіруі;
  • орындау сапасы және ұқыптылығы;
  • бұйымның немесе көркемдік жұмыстың күрделілігі;
  • ұсынылған бұйымдардың тазалығы мен экологиялығы.

Көрме жұмыстары байқау өлшемдеріне сәйкес 10 баллдық жүйемен кәсіби әділ қазылар бағалайды. Әділ қазылардың шешімдері хаттамада толтырылады.

Көрме аяқталғаннан кейін байқау жұмыстары қатысушыларға қайтарылады.

Көрмеге қатысушыларды марапаттау

Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Көрме қатысушыларына сертификаттар тапсырылады. Көрме жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге алғыс хаттар беріледі немесе жолданады.

Көрмені қаржыландыру

Өңірлік Көрме кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

Көрмеге қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге келетін және кері қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы жіберуші жақтың тарапынан төленеді.

Көрмені өткізу кезінде қатысушылардың жол жүру, тұру, тамақтануы бағыттаушы жақтың есебінен қамтамасыз етіледі.