СЫРДАРИЯ: «Кәсіби даму: жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізудегі мұғалімдер қажеттілігі»

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес «Әдістемелік керуен» жобасы аясында жоспарланған «Кәсіби даму: жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізудегі мұғалімдер қажеттілігі» тақырыбында 2018 жылдың 27 желтоқсаны күні педагог қызметкерлермен ашық диалог алаңы өткізілді. Аталған ашық диалог алаңына мектеп басшылары, орынбасарлар, көшбасшы мұғалімдер, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері қатысып, тәжірибе алмасты.
Іс шарада жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының директоры С.Камалова, тренерлер Г.Жақсылықова, Е.Оспанов, Б.Дильманов мұғалімдерге Тиімді оқыту мен оқу (сабақты жоспарлау және критериалды бағалау); Бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері мен оларды сараптау; Сабақты зерттеу (Lesson Study) және іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) тәсілдері бойынша әдістемелік көмек ұсынылды.