2018 жылғы 20 наурыз күні Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицей базасында “Сардар” республикалық кешенді олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері – әскери білім беделін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және еліміздің әскери оқу орындарында оқыту үшін анағұрлым дайындалған кандидаттарды анықтау.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында математика, физика, қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және алғашқы әскери дайындық секілді 5 пәннен 25 сұрақтан құралған тест тапсырмаларын орындаса, екінші практикалық кезеңінде жеке атыс даярлығы, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, 300 м кросс, 100 м жүгіру, белағашта тартылу, сондай-ақ жеке саптық түзеу бойынша сынға түсті.
Тапсырмаларды бағалау критерийлері
1) Тест тапсырмалары қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны жоғары күрделілікпен 10, 11 сыныптардың мектеп материалына сәйкес келуі тиіс.
2) Олимпиада тапсырмаларын орындаудың максимал балл саны – 150.
3) Физика, математика, қазақ немесе орыс тілдері және бастапқы әскери даярлық бойынша тест тапсырмаларын орындау 125 балмен (әр пән бойынша 25 сұрақ) бағаланады. Әр сұрақ 1 балға бағаланады. Тапсырманы орындау уақыты 2,5 академиялық сағатты құрайды.
Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесі бойынша нормативтерді орындау 25 балға (тиісінше 10 және 15 балл) бағаланады. Әрбір норматив 5 балға бағаланады.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне ұсыныстар 2018 жылғы 16 наурызға дейін ұйым (білім бөлімдері/облыстық мекемелер) басшысының қолымен расталған түрде syrdaryny@mail.ru электрондық поштасына қабылданды.
Облыстық кезеңге 20 оқушы қатыстырылып, 6 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегері:
– Қуантай Ұлан – Қармақшы ауданы, №80 мектеп
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Шаймерденов Рахат – Қармақшы ауданы, №272 мектеп
– Нұрадин Еламан – Қазалы ауданы, №92 мектеп
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Имадат Нұрсұлтан – Қармақшы ауданы, №272 мектеп
– Еңсепов Расул – Қармақшы ауданы, №80 мектеп
– Амангелдиев Ернұр – Сырдария ауданы, №210 мектеп
2018 жылғы 12-14 сәуір аралығында Астана қаласы, республикалық “Жас ұлан” мектебінде өткен “Сардар” республикалық кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысынан 3 оқушы (Қуантай Ұлан, Шаймерденов Рахат, Нұрадин Еламан) қатысып, қатысушы сертификатына ие болды.