2019 жылғы 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсына Қызылорда облысынан екі оқушы қатысты.
Конкурстың басты мақсаты — оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасау, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.
Конкурстың міндеттері:
— математика ғылымы саласын зерттеуге қабілетті және қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау;
— математика ғылымы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген оқушыларды ынталандыру, олардың шығармашылық қызығушылығын арттыру;
— білім беру процесінің тиімділігін арттыру құралы ретінде оқушылардың зерттеушілік қызметіне негізделген білім бағдарламалары мен әдістемелерін дамыту;
— оқушылардың математикалық білімі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасу;
— әртүрлі елдердегі математикалық мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
— әртүрлі елдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті оқушыларын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тарту.
Конкурс нәтижесінде Қызылорда облысының екі оқушысы да жүлделі орындарға ие болды.
– Пак Анастасия – жүлделі ІІ орын иегері, Мұрагер мектебінің 11 сынып оқушысы
– Турешбаева Сәния – жүлделі ІІІ орын иегері, Қызылорда қаласы, №233 орта мектептің 11 сынып оқушысы
Білімі терең, саналы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарына, ұстаздарына, жетекшілеріне, мектеп ұжымына және қалалық білім бөліміне алғысымызды білдіреміз.