Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы білім саласына қатысты өтініштер мен ұсыныстарды арнайы WhatsApp мессенджерінде ашылған бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылдайды.
Осы орайда облыс тұрғындары басқарма басшысына сауалдары мен көкейде жүрген білім саласын дамытуға арналған инновациялық идеяларын төменде көрсетілген нөмірге жолдай алады.
Білім басқармасы барлық ұсыныстар мен өтініштер тікелей басқарма басшысының бақылауында болатындығын назарларыңызға салады!
Өтініш бір мәтіндік хабарлама түрінде төмендегі үлгіде жіберілуі керек.
1. Өтініш берушінің деректері (аты-жөні)
2. Өтініштің мәні
3. Болған жағдайда, фото-видеоматериалды қоса тіркеуге болады
Ескерту: Үлгі бойынша толтырылмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді. Барлық мәтіндік хабарламалар тәулік бойы (24/7) қабылданады.
Дереккөз: Қызылорда облыстық интернет газеті