ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КРЭНФИЛД УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА БАРАДЫ

Жуырда Астана қаласында оқушылар арасындағы транспорт саласындағы білімдерін тереңдету және осы салаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған байқау өтті.
Қызылорда облысынан физика-математика және жаратылыстану ғылымы саласында жетістіктері бар «Мұрагер» мектебінің 10 сынып оқушысы Евгений Демиденко,  №9 “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушылары –Шарип Дамир және Орынбай Сұлтан,  аталған лицей-интернатының оқытушысы, команда жетекшісі Бимұханбет Ернар қатысып қайтты.
Байқау нәтижесінде Қызылорда және Ақтөбе облысы командалары жеңімпаз атанып, 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Лондон) оқу-танымдық іс-сапарға бару мүмкіндігіне ие болды.

Дереккөз: Қызылорда облыстық интернет газеті