ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫРЕСЕЙЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Мәскеу облысы Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының XІХ Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасы өткізілді.
 «Созвездие» олимпиадасының негізгі мақсаты экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға қатысуға деген ұмтылысы бар ХХІ ғасырдағы жетілген үйлесімді тұлғаның шығармашылық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, балалар мен жастардың инженерлік- техникалық және зерттеу мамандықтарына деген қызығушылықтарын дамыту.
  Қызылорда облысынан олимпиадаға 4 оқушы қатысып, барлығыда жүлделі орындардан көрінді.
І дәрежелі диплом иегері: Сағидуллаұлы Дәурен;
ІІ дәрежелі диплом иегері: Пак Карина;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Бахарам Жадыра; Бөрібай Қуаныш.         

Дереккөз: Қызылорда облыстық интернет газеті

Translate/Перевести/Аудару