2019 жылдың 13 наурыз күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы базасында “Театрдың ғажайып әлемі” театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.
Фестиваль-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Фестиваль-байқауға облыстан 56 оқушы қатысып, облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
– Қызылорда қаласы, №4ОДМИ мектеп оқушылары (Драмалық спектакль номинациясы)
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Жаңақорған ауданы, №188 мектеп және №54 мектеп оқушылары (Қуыршақ театры номинациясы)
– Қармақшы ауданы, №26 орта мектеп оқушылары (Қуыршақ театры номинациясы)
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Жаңақорған ауданы, №56 мектеп оқушылары (Драмалық жанр)
– Қызылорда қаласы, №120 мектеп оқушылары (Драмалық жанр)