“Климаттың өзгеруі” мәселесіне арналған оқушылардың экологиялық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

2019 жылғы 14 наурыз күні “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы базасында “Климаттың өзгеруі” мәселесіне арналған оқушылардың экологиялық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. 
Конкурстың мақсаты – оқушыларды жобаны дайындау жұмыстарына тарту, көміртекті іздердің таралуын азайтудың практикалық үлесі мен климаттың өзгеруіне байланысты өңірлердін экологиялық мәселелерін қарастыру болып табылады.

Конкурс нәтижесі бойынша:
І дәрежелі диплом иегері:
– Қазалы ауданы – Амангелді Гауһар, Құдайберген Дильназ, # 226 мектеп оқушылары
– Қызылорда қаласы – Қадыр Дильназ, # 10 БИЛ оқушысы

ІІ дәрежелі диплом иегері:
– Қызылорда қаласы – Талғат Анель, #3 ІТ мектеп оқушысы,

ІІІ дәрежелі диплом иегері:
– Сырдария ауданы – Мырзалы Қадыр, # 135 мектеп оқушысы