Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 14 наурыз күні Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназия базасында жоғары сынып оқушылары арасындағы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өткізілді.
Турнирдің негізгі мақсаты мен міндеттері – экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау.
Облыстық кезеңге жалпы 21 оқушы, бинарлық тест, бір жауапты және 2-3 жауабы бар тесттер, сонымен қатар экономикалық есеп шығарып, бақ сынасты.
Турнир нәтижесінде 9 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
- Сарсенбай Жаңыл – Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы
- Қадырбек Арман – Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Нұрлыбекова Сабина – Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы
- Амангелдиева Айша – Сырдария ауданы, №35 мектептің 10 сынып оқушысы
- Арыстанбек Нұрай – Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы
- Байқазақова Арайлым – Қызылорда қаласы, №257 мектептің 10 сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Ғалымжан Серіжан – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Қожамұратов Мадияр – Қызылорда қаласы, №257 мектептің 10 сынып оқушысы
- Боранбай Жанерке – Қызылорда қаласы, №10 БИЛ-нің 10 сынып оқушысы