2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының төртінші қорытынды кезеңі Қызылорда қаласындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында өткізілді. Олимпиадаға қатысушылар мен жетекшілері облыс мектеп-интернаттарының жатақханаларында орналастырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың әділ-қазылар құрамы Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтарынан жасақталған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық пән биыл алғашқы рет онлайн-режимде өткізілді, бейне көрсетілімдерге сілтемелер ҚР БҒМ және «Дарын» РҒПО-ның әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланды.
Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын оқушылар тізімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Жалпы республиканың барлық аймақтарынан қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі) бойынша барлығы 642 оқушы қатысып, Қызылорда облысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне 48 оқушы бақ сынасты.
Олимпиада нәтижесі бойынша 288 оқушы жүлделі орындарға (Алтын медаль – 53, Күміс медаль – 86, Қола медаль – 149) ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды. Соның ішінде Қызылорда облысының командасы 4 алтын, 4 күміс, 13 қола медаль иеленіп, командалық есепте ІІ орынға орналасты. Арал ауданы, №14 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Жеткергенова Жанерке Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
– Бақытжанқызы Бибінұр – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 10 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Наушабай Асель – №9 мектеп-гимназия, Қызылорда қаласы, 10 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Жеткергенова Жанерке – №14 мектеп-лицей, Арал ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілі мен әдебиеті)
– Мақсұт Құралай – №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
Күміс медаль иегерлері:
– Сағатбаев Еркебұлан – №36 мектеп-лицей, Сырдария ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілі мен әдебиеті)
– Пяк Оксана – №198 орта мектеп, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Орыс тілі мен әдебиеті)
– Мұса Ақниет – №23 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі)
– Жұмажанова Дильназ – №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 10 сынып оқушысы (Ағылшын тілі)
Қола медаль иегерлері:
– Алмасова Назира – №109 орта мектеп, Қармақшы ауданы, 10 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Бақытжан Аружан – №123 мектеп-лицей, Жалағаш ауданы, 11 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Карбоз Жансая – Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар “Мұрагер” мектебі, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Хайруллаева Диана – №252 мектеп-гимназия, Шиелі ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Манап Еркебулан – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 10 сынып оқушысы (Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі)
– Алиякбар Нұржігіт – №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
– Қали Дәулет – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
– Өмірбекова Жібек – №210 орта мектеп, Сырдария ауданы, 10 сынып оқушысы (Құқық негіздері)
– Мұрат Назым – №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 10 сынып оқушысы (Құқық негіздері)
– Дүзбаева Динара – №64 орта мектеп, Арал ауданы, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Құқық негіздері)
– Избасарова Фарида – №4 орта мектеп, Қызылорда қаласы, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Құқық негіздері)
– Шигамбаева Сара – №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Ағылшын тілі)
– Нұрсейт Ұлбосын – №10 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернаты, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Ағылшын тілі)
Мақтау қағазы иегерлері:
– Серікбаева Назым – №37 мектеп-лицей, Сырдария ауданы, 11 сынып оқушысы (Қазақ тілі мен әдебиеті)
– Шадымуратова Назира – №16 мектеп-лицей, Қазалы ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Ларин Арман – №31 мектеп-гимназия, Жалағаш ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Демиденко Евгений – Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар “Мұрагер” мектебі, Қызылорда қаласы, 11 сынып оқушысы (Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі)
– Қожантаева Улболсын – №14 мектеп-лицей, Арал ауданы, 10 сынып оқушысы (Орыс тілі мен әдебиеті)
– Тілеуберген Эсмеральда – №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
– Сағынтаева Таңшолпан – №47 мектеп-лицей, Шиелі ауданы, 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
– Жарқынбек Қарлығаш – №3 мектеп-интернат, Жаңақорған ауданы, 10 сынып оқушысы (Ағылшын тілі)