1. Жалпы ережелер
1. «Менің бастамам – менің Отаным үшін» республикалық шығармашылық жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері Байқаудың мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері арасында балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
3.Байқаудың міндеттері:
1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;
2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;
3) балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениеттерінің деңгейін арттыру;
4) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;
5) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;
6) балалар мен жасөспірімдердің жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;
7) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.
4. Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
5.Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады.
6.Форумды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу уақыты мен орны
7. Байқау 2018 жылғы 1-2 қарашада Атырау облысының Атырау қаласында өткізіледі. Келу күні – 31 қазан, кету күні – 3 қараша.
8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2018 жылғы 1 қазанға дейін келесі мекенжай бойынша: 000010 Астана қ., Мәңгілік ел, 8, ҚР БҒМ, bibi.abilkarimova@mail.ru электронды поштасына қабылданады, телефондары: 8 (7172) 74-22-87, 74-22-95.
9. Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Байқаудың облыстық (Астана и Алматы – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық байқауға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқармасы басшысының бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың тақырыбы, топ жетекшілерінің аты-жөні, қызмет орны, лауазымы, ұялы телефондары);
3) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) жұмысқа аңдатпа.
3. Байқау қатысушылары
10.Байқауға облыстық, Астана және Алматы қалалық Байқаудың жеңімпаздары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 13-17 жас (18 жасқа дейін).
11. Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан қатысатын топтың сандық құрамы – 10 адам: 9 білім алушы және білім беру ұйымының педагогтері қатарынан 1 топ жетекшісі.
12. Байқауды өткізу жеріне дейін жету кезіндегі, жарысты өткізу кезіндегі және тұрғылықты жерлеріне қайту кезіндегі қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
Байқауды өткізу орнына дейін жету кезінде, Байқауды өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде топтың әр қатысушысы заттарының сақталуына өзі жауапты.
13. Байқауға келгенде Топ жетекшісінде өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
1) Форумның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы кезеңдерін өткізу қорытындысы бойынша білім алушылар және топ жетекшісінің Форумға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқармасы басшысының бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған күні, айы, жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекенжайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны, номинациясы, топ жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) барлық қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәләндіретін құжаттар, туу туралы куәлігі (төлқұжат (паспорт)) көшірмесі;
4) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) фотосуреті бар және білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған оқу орнынан анықтама;
6) топтың сақтандыру полисі;
7) топ жетекшісінің іссапар куәлігі;
8) ата-аналардан сенім хат.
14. Әр облыстың, Астана және Алматы қалалары делегацияларының киімдерінде ерекше элементтері: галстук, кепка, бейсболка, эмблема және т.б., сондай-ақ жеке гигиена заттары болуы тиіс.
4. Байқауды өткізу тәртібі және шарты
15. Бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Байқау екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу)–өңірлік:
мектепішілік Байқау;
аудандық (қалалық) байқау;
облыстық, Астана және Алматы қалалық.
2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық байқау.
16. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Өз жылуыңмен бөліс».
Байқауға келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобалар ұсынылады:
- қарттарға, әлеуметтік осал топтардағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету;
- кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерін алдын алу;
- халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобынан шыққан балаларды бейімдеу;
- балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға дайындау.
2. «Туған қалаға – игілікті істер».
Ұсынылған шығармашылық жобалар жаңа еріктілердің топтарын құру және дамытуға, әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттерді, оның ішінде бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталуы тиіс.
3. «Мен– Қазақстанның азаматымын».
Ұсынылған шығармашылық жобалар:
- барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлерінеазаматтарды араластыру;
- қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;
- отбасының адамгершілік негізін, оның тәрбиелік рөлін нығайту,Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тілі мен құндылықтарына толеранттылықпен және құрметпен қарауды балалардың және жастардың бойына сіңіруге бағытталуы тиіс.
4. «Медиа жобалар».
Ұсынылған шығармашылық жобалар балалар және жастар арасындағы ақпараттық кеңістікті дамыту, әлеуметтік бағдарланған сайттарды, онлайн ресурстарды, білім беру және кәсіби бағдарды жобалаужәне т.б. ақпарат және білім беру ортасын дамытуға бағытталған болуы тиіс.
5. «Менің кіші Отаным»
Ұсынылған шығармашылық жобалар жеке тұлғаның өз елінің рухани адамгершілігі мол азаматы және патриоты, кіші Отанының өткені мен болашағын зерттеп, өркендетуге бағытталуы тиіс. Берілген жоба азаматты және патриотты тәрбиелеуде оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы зор.
6. «Қазақстанның жеті кереметі».
“Қазақстанның 7 кереметі” жобасы табиғи туралы қоғамды ақпараттандыру деңгейін, тарихи және мәдени жетістіктері біздің жеріміздің анық және көркем үлгісі – архитектуралық құрылыстар мен ескерткіштері, әр түрлі дәуірлерден, палеолит дәуірінен XXI ғасырдың кереметтерімен толтырылған табиғатын, Каспий теңізінен Жоңғар Алатауының жотасына дейін ықпал етуі тиіс.
7. «Қазақстанның 100 жаңа есімі».
Ұсынылған шығармашылық жобалар қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі, принциптерін бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен білімін мысалдар арқылы нақты үлес қосқан адамдардың дамуына бағытталуы тиіс.
Бұл адамдар – біздің замандастарымыз, олардың өмір жолы мен жетістіктері – бәріне үлгі.
8. Жаңғырту полюсі.
Жобалар ұлттық мәдени мұраны жаңғыртуға және сақтауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және әр түрлі өнер түрлерін, жаңа нысандарын құру уақытын ұйымдастыруға ықпал етеді.
9. «Киіз үй – ғаламның моделі».
Ұсынылып отырған жоба барлық ұлттардың мәдениетін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық салтын және азаматтарды жалпы ұлттық рухани-мәдени құндылықтармен баулуға бағытталуы тиіс.
Қатысушылар киіз үй бейнеленген атақты мәденет және архитектура нысанарын ұсына алады. Сондай-ақ, киіз үй элементтері бейнеленген болашақ нысандардың жобасын әлем үлгісі ретінде ұсына алады. Әлемнің бейнелі-тұжырымдамалық үлгісі мен киіз үйдің арасындағы тығыз байланыс пен параллельді негіздеу.
Жобаны қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын пайдалана отырып, 7 минутқа дейін (макеттер, модельдер, бейне және т.б.). Көрсетілген номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстар орындау әр делегация үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті болып табылады. Әр қатысушы кемінде бір жобадан ұсынады.
17. Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:
1) жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;
2) әлеуметтік тиімділігі, шығармашылық жобаның өзектілігі шешілетін әлеуметтік мәселелермен жобаның маңыздылығы;
3) жобаның міндеттері бойынша жұмыс жоспарының болуы;
4) жобаны іске асыруға қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық-техникалық, ақпараттық);
5) әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл көзқарас;
6) жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді қолдану;
7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды нәтижелердің шынайылығы және жобаның болашақтағы дамуы: жергілікті деңгейдегі нақты аудиторияның жоба бойынша сұранысы);
8) зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, автордың қосқан жеке үлесі;
9) жұмыстың ресімделуі.
5. Қатысушыларды марапаттау
18. Байқау жұмыстарын әділ қазылар бағалау өлшемдеріне сәйкес 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі хаттамада толтырылады.
19.Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
20. Республикалық байқау жеңімпаздарының педагогтеріне алғыс хаттар табысталады.
6. Байқауды қаржыландыру
21. Байқаудың өңірлік кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
22.Байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге дейін келетін және қайта кететін жол ақысы және жолда тамақтануы жіберуші жақтың тарапынан төленеді.
23.Байқауды өткізу және ұйымдастыру, байқау кезінде қатысушылардың жатын орны және тамақтану шығыстары Республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.