Елімізде волонтерлерге арналған онлайн-платформа ашылды

Қатарға қосыл, ерікті бол! Бүгін елімізде волонтерлік қозғалысты дамытуға арналған qazvolunteer.kz функционалдық онлайн-платформасы іске қосылды. Өзіне жаңа әлем ашып, сауапты іспен айналысқысы келген кез келген адам осы жерде тіркеліп, өзі қалаған саланы таңдай алады.

Сонымен қатар, еріктілер жаңа бастамаларды іске асырып, өз қызметі туралы ақпаратты ашық алып, жобаларды, акцияларды және тың іс-шараларды тауып-ұйымдастыра алады.  Ал, платформаның түпкі мақсаты – еріктілердің жұмысын үйлестіру.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 200-ден астам волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істейді. Оның құрамында шамамен 50 мыңнан астам адам бар. Былтыр осы еріктілерді оқытып-тоқытуға яғни, біліктілігін арттыруға бағытталған 25 жоба жүзеге асырылған.

Әлия Ғалымова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері  комитеті басшысы:

– Еріктілер ұйымын жүйелі дамыту үшін министлік жол картасын жүзеге асырып жатыр.

Дереккөз: Қазақстан телеарнасы

Translate/Перевести/Аудару