Қазақстан интернеті Австралиядан жылдам – зерттеу

Осы аптада жарияланған Интернет жылдамдығының жаһандық рейтингінде Қазақстан 61-орынға шығып, Австралия, Бразилия, Сауд Арабиясын басып озды. Бұл туралы SBS басылымы жазды. «Рейтингте алғашқы бестікте Сингапур (199,62 Мбит/с), Гонконг (168,69 Мбит/с), Монако (137,86 Мбит/с), Румыния, Оңтүстік Корея мен Венгрия тұр. Австралия рейтингте 62-орында Қазақстаннан кейін жайғасқан», – делінген ақпаратта. Ал Business Insider басылымының жазуынша, Ookla Speedtes индексі жыл сайын жарияланады және биыл әлем бойынша интернеттің орташа жылдамдығы секундына 57,91 Мбитті құраған.

Дереккөз: КазИнформ