Конкурсқа қатысуға шақырады

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауын жариялайды.
Байқауға ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан 22 аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері өз жұмыстарын 22 номинация бойынша ұсына алады.
Конкурс өңірлік және республикалық кезеңнен тұрады.
Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар қарастырылған. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1, 2, 3 орындар 22 аталымға берілетін болады).
Толық ақпаратты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 8(7242) 26-29-03 телефоны арқылы немесе http://orleu-kyzylorda.kz сайтынан біле алады.
 
Дереккөз: Сыр бойы