ҚР Президенті: Біздің жастар – білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал

Біздің жастар – ақылды, креативті, патриот. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл – ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады», – деп жазды Президент өзінің twitter парақшасында. Еске сала кетсек, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Дереккөз: КазИнформ