Бүгін “Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округінің жастарымен кездесу және NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар өтті.
#Кездесу барысында орталықтың кеңесшісі Н.Амандық аудан көлемінде жастар саясатының жүзеге асырылуы және аудан бойынша «Жастар жылын» атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырса “Жас құрылысшылар” еңбек жасағының төрағасы Е.Тынымбайұлы жұмыссыз жастарды құрылыс орнында жасауға ниетті жастарды жұмыспен қамтуға дайын екенін хабардар етіп тіркеп алып, арнайы байланыс құралдары жазылған үнпарақтарын таратты.
«Облыстық ішкі саясат басқармасы» КММ-сі жалағаш аудандық бөлім меңгерушісі Б.Арыстанбек, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ 2017-2020ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАСЫ» туралы айтты!
#NEET санатындағы жастар мен адрестік жұмыс барысында:
• Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі NEET санатына кіретін 1 жас қазіргі таңда гүл өсіріп жеке кәсіппен айналысуда.
• Таң ауылық округі бойынша NEET санатына кіретін 3 жас тұрақты жұмысқа орналасып жұмыс жасауда, ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар насихатталып жұмысқа орналастыру жұмыстары жасалатын болады!