Жаңақорған – Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балабақша тәрбиешілері іс-тәжірибе алмасты

Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылындағы №19 «Раушан» бөбекжай бақшасының базасында «Драма оқу қызметі арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинарға Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараға қатысушы педагогтар «Сурет салу», «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану, «Ментальды арифметика» үйірмесін жүргізу негізінде балалардың логикалық ойлауын дамыту, «Интерактивті қуыршақ» театры арқылы балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту жолдарымен танысты.

Аймақтық семинар барысында Қызылорда қаласы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешілері Серікқызы Гүлсезім, Төлегенова Гүлмира, «Ертарғын» балабақшасының тәрбиешісі Бакида Толғанай және Шиелі ауданы «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі Әліпбаева Ардақтың шеберлік сыныптары өткізілді.

Translate/Перевести/Аудару