ҚАЗАЛЫ – “1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ” МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 1 маусым күні Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары – нұрлы болашаққа» атты балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері шеруі болып өтті. Шеруге қосымша және орта білім беру ұйымдарынан өнерпаз балалар «Үрмелі-соқпалы аспаптар», «Барабаншылар», «Домбырашылар», «Хор ұжымдары», «Хореография», «Орыс ұлттық аспаптары», «Жас ұлан», «Қазақ ұлты», «Черлидерлер», «Әскери шеру», «Композиция» түрлері бойынша өнер көрсетті. Шеруді Қорқыт ата атындағы аудандық музыка мектебінің домбырашылар ұжымы бастап, шеру соңы №204 орта мектептің бишілер тобы қазақ ұлттық биімен аяқтады. Шеру соңында мерекелік шарлар ұшырылды. 
Шерумен қатар арнайы алаңда бастауыш сыныптары үшін «Көңілді старт» эстафеталық сайысы болып өтті. 
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің фойесінде жас суретшілердің мерекеге орай мольбертте салған суретшілер байқауымен жалғасты. 
Шара соңы аудандық мәдениет үйінің концерт залында «Қазақстан балалары – нұрлы болашаққа» атты балалар концертіне ұласты. 

Translate/Перевести/Аудару