Бүгін TIMSS -2019 халықаралық зерттеуі Қызылорда қаласындағы №264 мектеп -лицейінде өткізілді. Бастауыш пен негізгі мектептің білім сапасын бағалайтын зерттеу жұмысына мектеп-лицейдің 4 пен 8 сыныптың 57 оқушысы 100% толық қамтылды. Мектеп-лицейінің
оқушылары белсенділік танытытып, уақыттарын тиімді пайдаланып, ережеге сай жұмыс жасады. Логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын қызығушылықпен орындап шықты. Облыс бойынша оқушыларымыз меңгерген білімдерін өзге елдің оқушылырынан қалыспай жақсы деңгейде көрсетеді деп сенім білдіреміз.
Сонымен, халықаралық зерттеу жұмысы облысымыздың 6 мектебінде өткізілді.Олар, Қазалы ауданынан №226 мектеп-гимназиясы, Қармақшы ауданынан №№269, 28 мектептер, Жаңақорған ауданынан № 194 мектеп, Қызылорда қаласынан №264, 253 мектептері қатысты. Облыс бойынша жалпы 261 оқушы қатысты, оның ішінде, 4 сынып бойынша -131, 8 сынып бойынша – 130 оқушы қамтылды.