ҚЫЗЫЛОРДА – «БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ ЭКОНОМИКА» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алатын «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, №9 мектеп-гимназия базасында, «Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындардың облыстық кезеңі өткізілді.

Мақсаты:
– Жас жеткіншектердің қаржылық сауаттылық пен экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру;
– Экономика саласында дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және құрбы-құрдастарының арасында экономикалық білімді кеңінен насихаттау;
– Жас дарындардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, өзін-өзі дамыта отырып, шыңдауына қолдау білдіру.

Экономикалық ойынға аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 50 оқушы қатысып, «Өз бизнесімізді бастаймыз» презентация таныстыру, «Бизнес жоспар» қорғау», «Тапқыр болсан, озып көр» сұрақтар мен есептер шығару кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.