ҚЫЗЫЛОРДА – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ӨҢІРДЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жыл сайынғы дәстүр бойынша облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарымен жүздесті. Оған жалпы саны 55 оқушы қатысты.

Жиын барысында, Қырымбек Елеуұлы, 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясы үкіметімен келісім аясында Ресейдің ЖОО-да 500-ге жуық сырбойылық түлектер білім алып жатқандығын атап өтті.

Жиын соңында, кездесудің естелігі ретінде дарынды балаларға – «Сыр дарыны» медалін табысталып, естелік суретке түсті.