Бүгін «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында облыс бойынша балалардың жазғы тынығу маусымы салтанатты түрде ашылды.
Шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» бөлім жетекшісі Әлібаева Бақыт Оразалықызы, облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, облыстағы балаларды сауықтыру ұйымдары (лагерь) басшылары, тәлімгерлері, әдіскерлері қатысты.
Бұл ретте облыс бойынша 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагері жұмыс жасайды. Аталған лагерьлерде биылғы жылы 10 мыңға жуық бала демалыспен қамтылуы жоспарланған.