“IQanat” республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі

2019 жылғы 20 сәуір күні “IQanat” олимпиадасының ІІ-ші кезеңі өткізілді. 
“IQanat” олимпиадасының негізгі мақсаты қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі, және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді:
-Математика
-Физика
-Ағылшын тілі
-“Эрудит” эссе конкурсы
“IQanat” олимпиадасының ІІ-ші кезеңіне жалпы аудан бойынша 769 оқушы, оның ішінде (Арал-138, Қазалы-152, Қармақшы-149, Жалағаш-54, Сырдария-101, Шиелі-124, Жаңақорған-51) қатысып өз бақтарын сынады.