Республикалық Мәшhүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы

2019 жылдың 15-16 мамыры аралығында Павлодар қаласында өткен I республикалық Мәшhүр-Жүсіп оқуларына Қызылорда облысы бойынша 5 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Мәшhүр-Жүсіп шығармалары және “Ұлы даланың ұлы есімдері” бағыты бойынша Қармақшы ауданы #274 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Налибаева Зарина бас жүлдені иеленсе, “Білімді зерек адам болам! Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша Жалағаш ауданы #123 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Бақытжан Аружан жүлделі ІІ орын иеленді, ал “Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…” бағыты бойынша Қармақшы ауданы #80 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Шалбай Аяжан жүлделі ІІІ орынға табан тіреді. 
Барлық жүлдегерлерімізді құттықтай отырып, қатысушылардың ата-аналарына, мектеп ұжымы және білім бөлімдеріне алғысымызды білдіреміз!